Көшбасшылар шығынсыз келе жатыр. 1 желтоқсандағы матчтарға шолу

1 jeltoqsan
1314

«Құлагер» «Снежные Барсы» командасын бір-ақ ұпай айырмашылығымен жеңді. «Торпедо» «Арланды» жеңу үшін біршама тер төкті. «Номад» «Ертіске» жеңуге еш мүмкіндік бермеді. Қарағанды облысындағы матчтың алғашқы жеңімпазы «Теміртау» болды.

«Снежные Барсы» мен «Құлагердің» арасындағы үшінші матч тағы да тартысты өтті. Бұл ойында петропавлдықтар бір шайба артық салып, қатарынан төртінші рет жеңіске жетті.

"Снежные Барсы" – "Құлагер" 2:3 (0:1, 2:2, 0:0)

0:1 – 11:51 – Логинов (Попитич)

1:1 – 26:54 – Ищенко (Филиппенко, Калмыков)

2:1 – 30:39 – Сайко (Макеев)

2:2 – 37:36 – Исмагилов (Стасюк, Первухин)

2:3 – 39:33 – Шерстюков (Нуриев, Васильев)

Қақпашылар: Калмыков – Хозяшев

Тәжірибелі «Торпедо» мен «Арланның» ойынында өскемендік ұжым жеңіп шықты. Жеңіс сыйлаған шайбаны Игорь Левицкий салды. «Арланның» голкипері Михаил Демидов 38 соққыға тойтарыс берді, алайда бұл командасына ұпай жинауға көмектеспеді.

"Торпедо" – "Арлан" 2:1 (0:1, 1:0, 1:0)

0:1 – 09:58 – Шитиков (Бердников В., Черкасов)

1:1 – 28:29 – Меньщиков (Джангазинов)

2:1 – 46:42 – Левицкий (Угольников, Кузнецов) ГБ

Қақпашылар: Шутов – Демидов

«Номад» «Ертіске» қарсы сенімді ойын көрсетті. «Көшпенділер» әрбір кезеңде гол салып отырды, ал павлодарлықтар Владимир Крамарьдің қақпасына шайба жуыта алмады. Оның есебіне «құрғақ» ойын мен тойтарыс берілген 19 соққы жазылды.

"Ертіс" – "Номад" 0:4 (0:2, 0:1, 0:1)

0:1 – 07:17 – Пархоменко (Муратов, Зубов)

0:2 – 16:52 – Панюков (Данияр Сн., Пелевин) ГБ

0:3 – 34:57 – Ибрайбеков (Зубов, Муратов)

0:4 – 57:16 – Клепко (Преснов, Пархоменко)

Қақпашылар: Полошков – Крамарь

Қарағанды облысындағы ұжымдардың алғашқы тартысында «теміртаулықтар» басым түсті. Матч өте нәтижелі болды – қарсыластар бірігіп, тоғыз нәтижелі шабуыл жасады. Жеңімпаздар құрамынан Владислав Кулиев пен Михаил Потапов дубль жасады.

"Сарыарқа" – "Теміртау" 3:6 (0:1, 1:3, 2:2)

0:1 – 10:03 – Кулиев (Жуков)

0:2 – 25:35 – Галыгин (Королинский, Жилов) ГБ

0:3 – 30:28 – Кулиев (Кошелев) ГМ

0:4 – 39:07 – Потапов (Лызин, Михнин)

1:4 – 39:39 – Голоднюк

2:4 – 40:14 – Зеленков (Сиксна, Никулин)

2:5 – 40:25 – Потапов (Чеботов, Чайка)

3:5 – 44:13 – Анаховский (Грымзин, Мисюль)

3:6 – 59:42 – Михнин ПВ

Қақпашылар: Бояркин - Еремеев