Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасты.
«Алматы» мен «Бейбарыс» оңтүстік астанада тартысты ойын өткізді. Алаң иелері қарымта қайтаратындай көрінген. Алайда қақпалары бос қалған атыраулықтар жеңілістен финалдық ысқырыққа бір секунд қалғанда құтылды. Овертайм ұзаққа созылған жоқ – бірінші ауысымда-ақ Денис Михниннің соққысы қонақтарға жеңіс сыйлады.
«Алматы» - «Бейбарыс» 2:3 ОТ (0:0, 2:0, 0:2, 0:1)
1:0 - 21:06 - Гриценко (Киселев, Рыжих)
2:0 - 33:00 - Твердохлебов (Машинец)
2:1 - 46:38 - Холоденин (Ершов, Иванов)
2:2 - 59:59 - Иванов (Холоденин, Колесников)
2:3 - 60:26 - Михнин (Дыньков)
Қақпашылар: Колесников - Базарбеков
«Ақтөбе» Ташкентте ұпай жинай алмады. Кездесудің басты қаһарманы – қарсыласты үш рет састырған Артём Валеев. Роман Смирягин өз командасына 27 сейвпен көмектесті. Жаңа жылда «Хумо» сегіз ұпайдың жетеуін қоржынға салды. Осының арқасында өзбекстандық ұжым екінші болып келе жатқан «Номадтан» алшақтықты бір балға дейін қысқартты. Бұл ретте Евгений Попихин ойыншыларының әлі ойнамаған екі матчы бар.
«Хумо» - «Ақтөбе» 5:1 (1:0, 2:0, 2:1)
1:0 - 12:07 - Валеев (Журавлев)
2:0 - 27:54 - Валеев (Дрягилев, Журавлев)
3:0 - 34:42 - Фищенко (Синявский) ГМ
4:0 - 51:44 - Игнатушкин (Валеев, Кириллов) ГБ
5:0 - 55:49 - Валеев (Журавлев)
5:1 - 57:09 - Евграфов (Зюзякин)
Қақпашылар: Смирягин - Тихонов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.