Бейбарыс пен Ақтөбе плей-оффқа жолдама алды

16 qańtar
1108

Кезекті ойын күнінің қорытындысы бойынша алдағы плей-оффтың тағы екі қатысушысы анықталды.

«Құлагер» екінші матчта елордалық қарсыласқа ұпай жинауға мүмкіндік бермеді. Есеп бір шайба айырмашылығымен аяқталды. Петропавлдықтарға жеңіс әкелген шайбаның авторы – «Құлагер» сапына жақында қосылған Евгений Гасников. Артём Подшендялов дубль жасады. Алаң иелерінің қақпашысы Всеволод Риттингер 27 соққыға тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Снежные Барсы» 3:2 (0:0, 1:1, 2:1)

0:1 - 32:36 - Пелевин (Ермак)

1:1 - 39:45 - Подшендялов (Закарлюкин)

2:1 - 45:53 - Подшендялов (Старцев, Гатин)

3:1 - 51:12 - Гасников (Пылаев, Гатин)

3:2 - 59:25 - Казаков (Макеев, Грачев)

Қақпашылар: Риттингер - Павленко

«Бейбарыс» түздегі бірінзі матчта «Алматыны» сенімді түрде жеңді. Қарсыластың қақпасына екі шайбадан Евгений Попитич пен Иван Иванов дарытты. Бұл нәтиже атыраулықтарға биылғы маусымның плей-оффына жолдама алуға мүмкіндік берді. Артём Аргоковтың командасы турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластарын шаң қаптырды.

«Алматы» - «Бейбарыс» 2:5 (0:1, 0:1, 2:3)

0:1 - 02:47 - Попитич (Тесленко, Дубинин)

0:1 - 14:13 - Воробьев ШБ

0:2 - 25:25 - Иванов (Воробьев)

0:3 - 46:07 - Холоденин (Ершов, Иванов) ГБ

1:3 - 48:05 - Машинец (Киселев) ГБ

1:4 - 49:56 - Иванов (Бурделёв, Воробьев)

2:4 - 55:27 - Киселев

2:5 - 58:30 - Попитич (Гусейнов) ПВ

Қақпашылар: Колесников - Базарбеков

Оңтүстік астанадағы кездесу нәтижесінде тағы бір батыстық ұжым жақсы хабар алды. «Ақтөбе» де плей-оффқа жолдама алып тұр, алайда Ташкенттегі алғашқы матчты сәтсіз болды. «Хумо» алаңның екі жағында да мығым болып, кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Ал қонақтар құрғақ жеңілістен матчтың соңғы минутында құтылды. Ташкенттіктердің қақпашысы Роман Смирягин қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді.

«Хумо» - «Ақтөбе» 7:1 (1:0, 4:0, 2:1)

1:0 - 09:01 - Игнатушкин (Чеботарев, Караваев)

2:0 - 21:50 - Рехтин (Шингареев, Дрягилев)

3:0 - 31:58 - Трунев (Караваев, Игнатушкин)

4:0 - 36:30 - Дорофеев (Журавлев, Шингареев)

5:0 - 39:19 - Валеев (Игнатушкин, Кириллов) ГБ

6:0 - 40:21 - Шураков (Фищенко)

7:0 - 50:48 - Синявский (Шураков, Шингареев) ГБ

7:1 - 59:01 - Беляев (Митряков, Степанов)

Қақпашылар: Смирягин - Шаров (Ершов, 31:58-40:21)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.