Parimatch-Pro Hokei Ligasy ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде ағымдағы маусымның плей-оффына қатысатын төртінші команда анықталды.
«Арлан» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Торпедоның» арынын басты. Көкшетаулықтардың жаңа ойыншысы Юсуп Асуханов дубль жасады. Жеңіс шайбасының авторы – Алексей Клочков. Алаң иелерінің голкипері Вячеслав Нечвиенко қақпаға бағытталған 19 соққыға тойтарыс берді.
Осы жеңісінен кейін «көкшеліктер» кубоктік сегіздіктегі орындардың бірін иеленді. «Арлан» турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластарын шаң қаптырып, плей-оффтан өзіне орын дайындап қойды.
«Арлан» - «Торпедо» 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)
1:0 - 02:12 - Асуханов (Юшкевич, Михайлов)
1:1 - 38:47 - Шин (Кизекпаев, Петросян) ГБ
2:1 - 43:33 - Клочков (Меньщиков, Михайлов)
3:1 - 49:46 - Асуханов (Степаненко, Колесников)
Қақпашылар: Нечвиенко - Янков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.