Колобовтың хет-тригі Снежные Барсы командасына Ертістен қарымта қайтаруға көмектесті

10 qańtar
1250

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде «Снежные Барсы» өз алаңында «Ертісті» жеңді.

Кездесудің басты қаһарманы «Номадтан» келген Никита Колобов болды. Ол өз командасының барлық шайбаларын салып, хет-трик жасады. Кирилл Казаков үш нәтижелі пас берді. Елордалық ұжымның қақпашысы Юргис Дубинскас қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. Оның қарсыласы Валерий Штукерт 44 сейв жасады. Алайда бұл павлодарлықтарға екінші ойында ұпай жинауға көмектеспеді.

«Снежные Барсы» - «Ертіс» 3:1 (2:0, 0:1, 1:0)

1:0 - 05:00 - Колобов (Казаков)

2:0 - 10:21 - Колобов (Казаков)

2:1 - 25:36 - Семенов (Галеев, Сагайдак)

3:1 - 40:32 - Колобов (Макеев, Казаков)

Қақпашылар: Дубинскас - Штукерт

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.