Қыстың алғашқы күндері қазақстандық хоккейсүйер қауым Pro Ligasy аясында төрт ойынды тамашалай алады.
"Снежные Барсы" елордада «Құлагерді» қабылдайды. Петропавлда өткен ойындарда командалар негізгі уақытта бір-бір жеңіске қол жеткізіп, ұпай бөлісті.
«Арланның» Павлодардағы ойыны аса сәтті болмады. Енді көкшетаулықтар өткен турда маусым бойы екі-ақ рет жеңілген чемпионат көшбасшысы «Торпедоға» қонаққа барады.
Павлодарда «Ертіс» өзінің түздегі ойындарын аяқтайтын елордалық «көшпенділерді» қабылдайды.
«Сарыарқа» мен «Теміртау» жергілікті ойында сынға түседі. Бұл екі ұжымның алғашқы кездесуі Қарағандыда өтеді.