Өскемендегі овертайм, Сарыарқа Құлагерден басым түсті

7 qańtar
1507

Қазақстан чемпионаты үш матчпен жалғасты.

«Номад» пен «Ертістің» екінші текетіресінде павлодарлықтар тағы да қарсыластың тегеурініне төтеп бере алмады. Финалдық ысқырыққа бес минут қалғанда қонақтар құрғақ жеңілістен құтылды, алайда қорытынды есеп елордалық ұжымның басымдығын байқатады. Абай Маңғысбаев пен Всеволод Логвин екі реттен гол салды.

«Номад» - «Ертіс» 7:1 (2:0, 4:0, 1:1)

1:0 - 12:58 - Маңғысбаев

2:0 - 15:35 - Казаков (Пелевин, Колобов) ГБ

3:0 - 21:23 - Грачев (Муратов, Мухаметов)

4:0 - 22:15 - Логвин (Бойко, Александров)

5:0 - 30:10 - Логвин (Недилько, Бойко)

6:0 - 32:07 - Мухаметов (Грачев, Муратов)

7:0 - 52:56 - Маңғысбаев (Касенов) ГМ

7:1 - 54:32 - Гулый ШБ

Қақпашылар: Калмыков (Павленко, 54:32-60:00) – Штукерт

«Алматы» Өскеменде жігерлі жеңіске жетті. «Торпедолықтар» кездесуді айтарлықтай сенімді бастады, алайда қонақтар әрі қарай ойын барысын бұра алып, алаң иелеріне жеңілістен құтылу үшін бар күшін салуға тура келді. Нәтижесінде жеңімпаз овертаймда анықталды. Иван Киселёвтің дөп соққысы оңтүстікастаналық ұжымға екі балл сыйлады.

«Торпедо» - «Алматы» 3:4 ОТ (2:0, 0:2, 1:1, 0:1)

1:0 - 04:49 - Алдабергенов (Муратов, Тютюньков)

2:0 - 06:22 - Панченко (Муратов, Тютюньков)

2:1 - 31:25 - Машинец (Киселев, Скоробогатов) ГБ

2:2 - 32:27 - Сайко (Борисенко)

2:3 - 43:25 - Твердохлебов (Киселев, Машинец)

3:3 - 57:25 - Петросян (Олендаренко, Шин)

3:4 - 64:43 - Киселев (Твердохлебов, Рыжих)

Қақпашылар: Осокин – Шалманов

«Сарыарқа» маусымда «Құлагерді» үш рет жеңді. Бір қызығы, үш кездесудің үшеуі де бірдей 3:2 есебімен аяқталды. Қарағандылықтар үшін жеңіс шайбасының авторы – Кирилл Беляев. Петропавлдықтар жеңіліске қарамастан, плей-офф аймағында қалып отыр. Алайда енді тоғызыншы орынмен арасы бес-ақ балды құрайды.

«Құлагер» - «Сарыарқа» 2:3 (0:1, 1:2, 1:0)

0:1 - 16:54 - Холькин (Лагунов, Сиксна)

1:1 - 23:37 - Рыжий (Подшендялов) ГМ

1:2 - 28:47 - Борисов (Двуреченский, Расулов)

1:3 - 37:19 - Беляев (Огиенко, Исмагилов) ГБ

2:3 - 46:18 - Старцев (Закарлюкин, Кузнецов) ГБ

Қақпашылар: Хозяшев - Микушин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.