Турдың қаһарманы – Павел Зыков

28 qarasha
1534

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен кезеңнің үздік ойыншысы ретінде «Ертістің» шабуылшысы Павел Зыков танылды. «Арланға» қарсы екі матчтық жекпе-жекте форвард 4 соққы жасап, 3 (2+1) балл жинады. Қуантарлығы Зыковтың екі шайбасы да павлодарлық ұжымға жеңіс әкелді.

Бірінші ойында Павел шешуші буллиттің авторы атанды. Екінші ойында 9-шы нөмірлі ойыншы екінші кезеңнің басында көзге түсті, осылайша алаң иелері үш шайба айырмашылығымен алға кетті.

Жинаған бес ұпайдың арқасында Владимир Клинганың ұжымы турнир кестесінде көкшетаулықтарды басып озып, плей-офф аймағында кірді.