Хумоны плей-оффтың жолдамасы күтіп тұр, Злобин чемпионаттың үздік бомбардирі атанды. Желтоқсан айының қорытындысы

2 qańtar
1120

Назарларыңызға хоккейден Қазақстан чемпионатының төртінші айының кейбір статистикалық қорытындысын ұсынамыз.

Желтоқсан айында ағымдағы маусымның алдағы плей-офф кезеңінің алғашқы қатысушылары анықталды. «Сарыарқа» мен «Номад» алғашқы болып жолдама алды. Қарағандылықтар бұрынғыша турнир кестесінің көшін бастап келеді (30 жеңіс, 62 балл) және Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның ең көп шайба салған командасы болып отыр (150 шайба). «Номад» ойын кестесінің тығыздығы мен құрамдағы қиындықтарға қарамастан, аралық екінші орынға табан тіреді (24 жеңіс, 51 балл).

Алдағы турларда плей-оффқа жолдаманы бүгінгі таңда үшінші қатарда тұрған «Хумо» алуы мүмкін. Ташкенттіктер 23 жеңіске жетіп, 47 ұпай жинады және қорғаныста ең сенімді ойын көрсетіп келеді (пассивте 59 шайба). Бұл ретте өзбекстандық ұжым алда келе жатқан «Номадтан» төрт кездесуге кем өткізді.

Кубоктік сегіздік үшін тартысты «Ертіс» пен «Алматы» жалғастырады. «Торпедо» плей-офф аймағынан 14 ұпайға артта қалып келеді. Ал «Снежные Барсы» тұрақты чемпионат аяқталғаннан кейін маусымды жалғастыруға математикалық мүмкіндікті қана сақтайды.

Өткен айда ең ірі жеңіске «Номад» жетті. 2 желтоқсан күні «көшпенділер» түзде «Торпедоны» 9:1 есебімен жеңді.

Желтоқсанның ең нәтижелі жекпе-жегі 23 күні Атырауда болды. «Бейбарыс» «Снежные Барсы» командасынан басым түсіп, есеп 7:4 болды.

Александр Борисевич «Барысқа» өткеннен кейін Лиганың үздік бомбардирлері жарысындағы біріншілікті «Сарыарқаның» тағы бір өкілі Антон Злобин иеленді. Қазір шабуылшының есебінде 38 (21+17) балл бар.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.