«Алтай Торпедо» «Снежные Барсы» командасын ойсырата жеңді. «Номад» итжығыс ойында чемпионат көшбасшысы «Торпедоны» жеңді. «Құлагер» тағы да «Алматыдан» басым түсті. «Арлан» Павлодардан ұпайсыз қайтты. «Бейбарыс» пен «Горняк» жеңімпазды тек овертаймда анықтады. «Теміртау» «Ақтөбенің» екпінін басты.
Екінші матчта да «Алтай Торпедо» «Снежные Барсы» командасына жеңуге мүмкіндік бермеді. Кездесу үлкен есеп айырмашылығымен және алаң иелерінің «құрғақ» жеңісімен аяқталды. Өскемендіктердің қақпашысы Владислав Нурек 31 соққыға тойтарыс берді.
"Алтай Торпедо" – "Снежные Барсы" 7:0 (3:0, 2:0, 2:0)
1:0 – 08:41 – Худяков (Дерзаев, Караваев)
2:0 – 09:54 – Михайлов (Тихомиров, Линник)
3:0 – 17:45 – Скуматов (Дзедаев, Хоменко)
4:0 – 28:07 – Каиров (Худяков, Караваев)
5:0 – 36:16 – Буденчук (Бондаренко, Перов)
6:0 – 52:47 – Дерзаев (Перов)
7:0 – 54:38 – Хоменко (Скуматов)
Қақпашылар: Нурек В. – Пестов (Павленко, 12:05-60:00)
Қақпашы Владимир Крамарьдің сенімді ойынының арқасында «Номад» «Торпедоны» маусымдағы екінші жеңілісіне ұшыратты. Дегенмен бұл өскемендіктерді турнир кестесіндегі орнынан қозғалта алмады.
"Торпедо" – "Номад" 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)
0:1 – 08:41 – Данияр См. (Гатиятов, Панюков) ГБ
1:1 – 33:49 – Шин (Стулов, Кучин)
1:2 – 56:21 – Ибрайбеков (Пархоменко, Муратов)
Қақпашылар: Шутов – Крамарь
«Ертіс» пен «Арлан» бірігіп, сегіз гол ұйымдастырды. Бұл кездесуде жеңіс павлодарлықтарға бұйырып, команда турнир кестесіндегі жағдайын біршама түзеп алды. Ал көкшетаулықтар болса, керісінше, плей-офф аймағынан шығып қалды.
"Ертіс" – "Арлан" 5:3 (2:1, 2:1, 1:1)
1:0 – 02:23 – Машинец (Васильев, Игнатенко) ГБ
2:0 – 07:28 – Асуханов (Игнатенко, Зыков)
2:1 – 15:56 – Бердников В. (Шитиков)
3:1 – 20:18 – Марушев (Жиляков, Самойлов)
4:1 – 24:28 – Зыков
4:2 – 27:46 – Черкасов (Боровиков, Бердников В.) ГБ
5:2 – 50:40 – Самойлов (Марушев, Путилов) ГБ
5:3 – 58:38 – Боровиков (Колесников, Бердников В.) ГБ
Қақпашылар: Полошков – Демидов
«Құлагер» осы маусымда «Алматыны» төртінші рет жеңді. Матчтың негізгі сәттері қорытынды үшінші кезеңде орын алып, петропавлдықтар қарсыласқа екі шайба салды. Қонақ команданың қақпашысы Дмитрий Хозяшев қақпаға бағытталған 44 соққыға тойтарыс берді.
"Алматы" – "Құлагер" 1:3 (0:1, 1:0, 0:2)
0:1 – 13:48 – Первухин (Рамазанов, Хорошев)
1:1 – 28:22 – Ефимов (Бурделёв, Щукин) ГБ
1:2 – 40:58 – Исмагилов (Ахметов, Стасюк)
1:3 – 51:25 – Стасюк (Ахметов, Пашков)
Қақпашылар: Гичев – Хозяшев
«Теміртау» ең аз есеппен «Ақтөбені» жеңіп, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Жеңіс сыйлаған шайбаның авторы – Кирилл Чайка. Қақпашы Демид Еремеев қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді.
"Ақтөбе" – "Теміртау" 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)
0:1 – 54:58 – Чайка (Кожевников, Кулиев)
Қақпашылар: Скрипченко – Еремеев
«Бейбарыс» пен «Горняк» арасындағы матчтың жеңімпазы тек овертаймда анықталды. Бұл ойында рудныйлықтар жеңіске жетті.
"Бейбарыс" – "Горняк" 1:2 ОТ (1:1, 0:0, 0:0, 0:1)
1:0 – 13:31 – Ананичев (Бандуркин)
1:1 – 13:55 – Коптяев (Сошников)
1:2 – 60:44 – Кумов (Коптяев)
Қақпашылар: Иванов – Акулинин