Батыстық командалардың жеңістері

23 jeltoqsan
835

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі кездесу өтті.

«Ақтөбе» үйдегі матчында «Торпедоның» арынын басты. Жеңіс шайбасының авторы – Леонид Беляев. Алаң иелерінің қақпашысы Владислав Тихонов 43 сейв жасады.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 3:1 (1:1, 2:0, 0:0)

1:0 - 01:11 - Кучин (Зубковский)

1:1 - 07:21 - Алдабергенов

2:1 - 27:25 - Беляев (Дерзаев, Эрфурт)

3:1 - 39:59 - Егоров

Қақпашылар: Тихонов - Осокин

«Бейбарыс» нәтижелі тартыста «Снежные Барсы» командасын жеңді. Матчтың тағдырын қорытынды кезең шешіп, оған елордалық қонақтар шаршап жетті. Атыраулықтар үздіктер үштігі жолындағы жорыққа оралды. Қарсыласты екі рет Иван Иванов састырып, Виталий Тесленко бес нәтижелі шабуылға атсалысты.

«Бейбарыс» - «Снежные Барсы» 7:4 (1:1, 2:2, 4:1)

1:0 - 02:44 - Бурделёв (Тесленко В., Воробьев)

1:1 - 04:41 - Ситников (Шапоров, Цыбин) ГБ

2:1 - 29:41 - Иванов (Бурделёв, Кутугин)

3:1 - 31:29 - Бердников (Хальзев, Волгин)

3:2 - 34:58 - Муқанов (Цыбин)

3:3 - 37:40 - Ситников (Шапоров, Ляпунов)

4:3 - 40:30 - Иванов (Тесленко В., Бурделёв)

5:3 - 48:23 - Попитич (Шабловский, Тесленко В.)

6:3 - 50:45 - Тесленко В. (Попитич, Волгин)

7:3 - 52:48 - Тесленко В. (Попитич, Волгин)

7:4 - 55:50 - Ляпунов (Шапоров, Ситников)

Қақпашылар: Доненко - Пестов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.