Хумо Солтүстікте жетістікке жетті, Торпедоның Атыраудағы қарымтасы

20 jeltoqsan
1669

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі кездесумен жалғасады.

«Хумо» Петропавлда төрт балл жинады. Бұ кездесуде екінші кезең шешуші болып, ташкенттіктер Егор Дорофеев жасаған дубльдің арқасында жайлы есеп айырмашылығын орнатты. Матч соңында «Құлагер» жанкүйерлеріне үміт берді, алайда Дмитрий Мальгин бастаған қорғаныс шебі мызғымады. Бұл қонақтарға екінші болып келе жатқан «Номадпен» айырмашылықты төрт балға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

«Құлагер» - «Хумо» 2:3 (1:1, 0:2, 1:0)

1:0 - 13:28 - Пылаев (Старцев, Лызин)

1:1 - 14:49 - Шураков (Курашов, Сулимов) ГМ

1:2 - 25:38 - Дорофеев (Шингареев, Тунхузин) ГБ

1:3 - 32:09 - Дорофеев (Шингареев, Рехтин)

2:3 - 53:46 - Потапов (Лызин) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Мальгин

«Торпедо» Атырауда қарымта қайтарды. Өскемендіктер бүгін шабуылдауда дәлірек көздеді. Бұл қонақтарға маусымдағы жетінші жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Антон Петров дубль жасады, Антон Осокин қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді.

«Бейбарыс» - «Торпедо» 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)

0:1 - 08:21 - Петров (Алдабергенов, Дзедаев) ГБ

0:2 - 23:09 - Тютюньков (Якубджанов)

1:2 - 23:45 - Холоденин (Воробьев, Иванов) ГБ

1:3 - 24:59 - Петров (Архипов, Габазов)

1:4 - 41:49 - Алдабергенов (Панченко)

2:4 - 49:53 - Холоденин (Иванов, Воробьев)

Қақпашылар: Базарбеков - Осокин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.