Ахметов, Огиенко мен Микушин бірінші орындарды иеленді. Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы

19 jeltoqsan
838

Жанкүйерлер желтоқсаның екінші аптасының үздік голының авторын, ең тиімді күштік әдіс пен үздік сейв жасаған қақпашысын анықтаған онлайн дауыс беру аяқталды.

Аптаның үздік голын «құлагерлік» Илья Ахметов салды.

Жанкүйерлердің пікірінше, үздік күштік әдісті «сарыарқалық» Егор Огиенко жасады.

Аптаның үздік сейвін өз есебіне «Сарыарқа» қақпашысы Артём Микушин жазды.

Барлық видеоларды Youtube-тегі Insport арнасынан табуға болады.

Үздік сәттер үшін кезекті дауыс беру бүгін, 20 желтоқсанда ашылады! Жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер!

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.