Өскемендік командалардың жеңісі, Ертіс буллиттер бойынша Арланды жеңіп кетті. 27 қарашадағы матчтарға шолу

27 qarasha
1466

Ойын күнінің бірінші матчында «Алтай Торпедо» «Снежные Барсы» командасын сенімді түрде жеңді. «Торпедолықтар» өздерінің ұяластары бастап берген жеңісті ары қарай жалғады. «Ертіс» буллиттер сериясында «Арланды» жеңді. «Құлагер» маусымда осымен үшінші рет «Алматыдан» басым түсті. «Бейбарыс» «Горнякты» шаң қаптырды. «Теміртау» «Ақтөбемен» матчта кезекті рет өз жағдайын түзеді.

Өскемендіктер қорғанысқа көп мән беріп, «Снежные Барсы» командасына қарсы алғашқы матчта керемет ойнады. Матч бойы қақпаға шайба жуытпай келген елордалық ұжым соңғы минуттарда ғана шайба өткізіп алды. Жеңімпаздар құрамынан Александр Дзедаев дубль жасады.

"Алтай Торпедо" – "Снежные Барсы" 4:1 (1:0, 1:0, 2:1)

1:0 – 17:24 – Скуматов (Хоменко)

2:0 – 28:55 – Белохонов (Линник)

3:0 – 47:12 – Дзедаев (Хоменко, Михайлов)

4:0 – 52:57 – Дзедаев (Хоменко, Нурек А.) ГБ

4:1 – 58:21 – Бутенко (Диханбек) ГБ

Қақпашылар: Нурек В. – Павленко

Чемпионат көшбасшыларының матчында «Торпедо» «Номадты» жеңу үшін біршама тер төкті. «Көшпенділер» есепті бірінші кезеңде ашты, алайда ары қарай тек алаң иелері шайба салды.

"Торпедо" – "Номад" 3:1 (0:1, 1:0, 2:0)

0:1 – 03:07 – Муратов (Ибрайбеков, Пархоменко)

1:1 – 24:50 – Меньщиков (Петросян, Виноградов)

2:1 – 52:17 – Гурин (Быков)

3:1 – 59:25 – Шин (Угольников, Савицкий) ПВ

Қақпашылар: Сидоров – Кудрявцев

«Ертіс» пен «Арлан» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Негізгі уақытта екі команда тең түсіп, айып соққыларына келгенде павлодарлықтар дөп түсті.

"Ертіс" – "Арлан" 2:1 Б (0:0, 1:0, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 21:06 – Самойлов (Марушев, Путилов)

1:1 – 54:23 – Черкасов (Шитиков, Бердников) ГБ

2:1 – 65:00 – Зыков ПБ

Қақпашылар: Полошков – Демидов

«Құлагердің» екінші кезеңде асығы алшысынан түсіп, маусымда үшінші рет «Алматыдан» басым түсті. Филипп Святына нәтижелілігі үшін 3 балл жинады. Андрей Янков қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді.

"Алматы" – "Құлагер" 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)

0:1 – 02:53 – Хорошев (Святына)

1:1 – 06:56 – Кудрявцев (Бельгибаев)

1:2 – 28:50 – Ахметов (Исмагилов, Пашков)

1:3 – 30:36 – Хамматов (Святына)

1:4 – 42:56 – Святына

Қақпашылар: Полуэктов – Янков

«Теміртау» матч барысында «Ақтөбеден» екі рет екі шайба артта қалып отырды. Алайда Роман Козловтың ойыншылары негізгі уақыттың соңғы секундтарында есе қайтарып қана қоймай, овертаймда жеңісті жұлып әкетті. Осылайша, металлургтар қаласының командасы турнир кестесіндегі үшінші орынға қайтып оралды.

"Ақтөбе" – "Теміртау" 3:4 ОТ (0:0, 2:1, 1:2, 0:1)

1:0 – 20:31 – Филонов (Жилин)

2:0 – 24:50 – Тесленко (Степанов) ГБ

2:1 – 38:00 – Потапов (Кулиев) ГБ

3:1 – 47:16 – Серегин (Джангарашев, Кевлин)

3:2 – 50:06 – Шохов (Колесников, Потапов) ГБ

3:3 – 59:47 – Кожевников (Штайгерт)

3:4 – 62:31 – Кулиев (Кошелев, Шохов)

Қақпашылар: Мальгин – Еремеев

"Бейбарыс" «Горнякпен» ойынның үшінші кезеңін үлкен екпінмен ойнап, жеңісті жұлып әкетті. Қарсыласқа екі рет Кирилл Старцев соққы берді.

"Бейбарыс" – "Горняк" 3:1 (0:0, 0:1, 3:0)

0:1 – 26:20 – Башлаев (Бархаткин, Харькин)

1:1 – 46:51 – Боровков (Петров, Савенков)

2:1 – 53:20 – Старцев (Ананичев, Воробьев)

3:1 – 59:57 – Старцев (Рыжих)

Қақпашылар: Иванов – Нечвиенко