Апта ойыншысы – Максим Кунишников

12 jeltoqsan
1680

Хоккейден Қазақстан чемпионатының 14-ші аптасын қорытындылайық.

Өткен кезең ойыншысы – Максим Кунишников. «Горняктың» шабуылшысы өз командасына Өскеменде екі маңызды жеңіске қол жеткізуге көмектесті. Осы жеңістерінен кейін рудныйлықтар плей-офф аймағына бекіді. Максимнің өзі екі кездесу ішінде +3 пайдалылық көрсеткішімен өз қоржынына 5 (1+4) балл жазды. Осы матчтарынан кейін Кунишников жинаған балл саны бойынша Евгений Степановпен теңесті (екеуі де 10+13). Бұл хоккейшілер – қазіргі сәтте өз командасының үздік бомбардирлері.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.