Ақтөбе Сарыарқаның жеңіс сериясын үзді, Хумо Арланнан басым түсті

9 jeltoqsan
1893

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш кездесумен жалғасады.

«Құлагер» «Ертісті» еш қиналмастан жеңді. Петропавлдықтар екі рет артық құрам ұйымдастырып, бір рет кем құраммен, бір рет тең құраммен гол салды. Нәтижелілігі үшін екі балды Артём Пылаев иеленді. Қонақтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді.

«Ертіс» - «Құлагер» 1:4 (0:2, 1:0, 0:2)

0:1 - 04:41 - Волков (Кузнецов, Пылаев) ГМ

0:2 - 08:07 - Наместников (Старцев) ГБ

1:2 - 30:59 - Асуханов (Абдрашитов)

1:3 - 41:15 - Подшендялов (Ахметов)

1:4 - 48:26 - Лызин (Пылаев) ГБ

Қақпашылар: Нечвиенко - Кадочников

«Сарыарқа» ағымдағы чемпионатта алғаш рет мұздан балсыз кетті. Қазіргі чемпионды негізгі уақыттағы алғашқы жеңілісіне «Ақтөбе» ұшыратты. Бұл ретте қонақтар кезекті рет екі шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарды, алайда Скудраның ойыншылары толыққанды камбэк жасай алмады. Алаң иелері Дмитрий Потайчук пен Дмитрий Шаровтың 31 сейвінің арқасында маңызды жеңіске қол жеткізді.

«Ақтөбе» - «Сарыарқа» 4:2 (2:1, 0:0, 2:1)

1:0 - 07:32 - Акишин (Ковзалов, Елизаров) ГБ

2:0 - 15:22 - Потайчук (Кучин, Митряков) ГБ

2:1 - 16:30 - Зюзякин (Данияр)

2:2 - 41:38 - Беляев (Пархоменко, Холькин)

3:2 - 48:55 - Потайчук (Григоркевич) ГБ

4:2 - 59:34 - Митряков (Кучин, Александров) ПВ

Қақпашылар: Шаров – Каратаев (Микушин, 20:00-60:00)

Ойын күнінің басты матчында «Хумо» «Арланды» тартысып жеңді. Бұл ойынның тағдырын үшінші кезең шешті: алаң иелері екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Жеңіс шайбасының авторы – Андрей Караваев. Ташкенттіктердің қақпашысы Роман Смирягин 30 соққыға тойтарыс берді.

«Хумо» - «Арлан» 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)

1:0 - 01:25 - Валеев (Шингареев, Кириллов) ГБ

1:1 - 28:53 - Карабань (Гребенщиков)

2:1 - 40:59 - Караваев (Валеев)

3:1 - 59:11 - Шураков (Игнатушкин, Тунхузин)

Қақпашылар: Смирягин - Мейдер

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.