Хоккейден Қазақстан чемпионатының 13-ші аптасын қорытындылайық.
Өткен кезеңнің ойыншысы Максим Мухаметов болды. «Номад» шабуылшысы өткен аптада өз командасына төрт рет жеңіске жетуге көмектесті, осы ойындардың әрбірінде Максим нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсті. Ол +2 пайдалылық көрсеткішімен 7 (4+3) ұпай жинады, ал соққыларды іске асыру пайызы да айтарлықтай жоғары болды (36,36%). Оның бір шайбасы «көшпенділерге» жеңіс әкелді. «Номадтың» үздік бомбардирі кезекті ойындарға тоғыз кездесу бойы жиған балымен келгелі отыр.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.