Горняктың қарымтасы, Вилардоның «құрғақ» қақпасы Алматыға жеңіс сыйлады

4 jeltoqsan
1265

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасты.

«Ертіс» пен «Горняктың» екінші кездесуінде рудныйлықтар үлкен ерік-жігер танытты. Қонақтарға екі балды Данила Платонов пен Иван Ширяевтің екінші үзіліске аз уақыт қалғанда салған екі дөп соққысы сыйлады. Қақпашы Никита Акулинин 17 соққыға тойтарыс беріп, өз командасына көмектесті.

«Ертіс» - «Горняк» 1:2 (1:0, 0:2, 0:0)

1:0 - 06:35 - Билимбаев (Евлоев, Буденчук)

1:1 - 34:21 - Платонов (Степанов, Юлбарисов)

1:2 - 39:28 - Ширяев (Кунишников, Галимов)

Қақпашылар: Нечвиенко - Акулинин

«Алматы» «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетті. Бұл текетіресте барлығын Степан Штефанның орындауындағы бір дөп соққы шешті. Қонақтардың ойыншысы ақтық ысқырыққа сегіз минут қалғанда шайба дарытты. Оңтүстікастаналық ұжымның голкипері Николас Вилардоның тамаша ойынын атап өту қажет. Бүгін ол 41 соққыға тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Алматы» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 52:00 - Штефан (Баженов, Курсакбаев)

Қақпашылар: Хозяшев - Вилардо

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.