Павлодардағы буллиттер, Құлагер Алматының арынын басты

3 jeltoqsan
1508

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш кездесумен жалғасты.

«Номад» «Торпедоны» тағы да сенімді түрде жеңді. Алаң иелері дәл кешегідей құрғақ жеңілістен құтылды, алайда қорытынды нәтиже өскемендік жанкүйерлердің көңілін көншітуі екіталай. Дмитрий Макеев пен Максим Мухаметов нәтижелілік үшін үш балдан жинады. Бұл «көшпенділер» үшін қатарынан бесінші жеңіс, ал «Торпедо» осымен 14-ші рет жеңіліс дәмін татып келеді.

«Торпедо» - «Номад» 1:7 (0:1, 0:4, 1:2)

0:1 - 11:52 - Макеев (Бутенко, Мухаметов)

0:2 - 26:19 - Омирбеков (Казаков)

0:3 - 26:40 - Грачев (Королёв, Колобов)

0:4 - 34:08 - Колобов (Савченко)

0:5 - 36:35 - Недилько (Мухаметов, Макеев) ГБ

1:5 - 45:46 - Якубджанов (Тютюньков, Петров) ГБ

1:6 - 54:17 - Савченко (Шетле, Тетерин) ГБ

1:7 - 56:10 - Мухаметов (Макеев)

Қақпашылар: Янков - Калмыков

«Ертіс» пен «Горняк» ойынды негізгі уақыттан тыс аяқтады. Бұл матчта көрермен жүзеге аспаған үш айып соққысына куә болды. Нәтижесінде ойын буллиттер сериясына өтіп, онда павлодарлықтар дәлірек көздеді. Жеңіс соққысы дубль жасаған Юсуп Асухановқа тиесілі. «Ертістің» қақпашысы Вячеслав Нечвиенко қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді.

«Ертіс» - «Горняк» 2:1 Б (1:0, 0:1, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 16:24 - Асуханов (Атаханов) ГБ

1:0 - 21:36 – Платонов ШБ

1:1 - 30:26 - Ямалов (Гурьев)

1:1 - 36:18 – Петросян ШБ

1:1 - 47:23 – Атаханов ШБ

2:1 - 65:00 - Асуханов

Қақпашылар: Нечвиенко - Нурек

«Құлагер» «Алматымен» текетіресті екпіндетіп бастады. 15-ші минутта қонақтардың қақпасына үш шайба аттанды. Алайда әрі қарай оңтүстікастаналық ұжым ойынға оралып, кездесуді овертаймға айналдыра алды. Әйтсе де, петропавлдықтар өз дегендеріне жетіп, Кирилл Старцевтің дөп соққысы қосымша бес минуттың басында-ақ алаң иелеріне екі балл жинады.

«Құлагер» - «Алматы» 4:3 ОТ (3:1, 0:1, 0:1, 1:0)

1:0 - 04:41 - Потапов (Гатин, Ахметов)

2:0 - 13:02 - Ахметов (Кузнецов, Лызин) ГБ

3:0 - 14:08 - Лызин (Шульга)

3:1 - 17:44 - Анисимов (Баженов) ГБ

3:2 - 24:14 - Твердохлебов (Баженов, Ваулин)

3:3 - 56:27 - Филиппенко (Баженов, Анисимов)

4:3 - 60:32 - Старцев (Закарлюкин, Рыжий)

Қақпашылар: Кадочников – Вилардо (Шалманов, 14:08-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.