27-28 қарашадағы матчтардың аңдатпасы

26 qarasha
1448

Pro Ligasy-ның алдағы ойын кезеңі хоккейсүйер қауымға бірден алты ойынды тамашалау мүмкіндігін ұсынады.

Өскемен бұл күндері жергілікті және елордалық командалар кездесетін орынға айналады. Күндізгі сессиялар аясында «Алтай Торпедо» мен «Снежные Барсы» ойнайды. Орталық матчтарда чемпионат көшбасшылары «Торпедо» мен «Номад» ойнайды.

Павлодарда «Ертіс» «Арланды» қабылдайды. Қос команданың да турнир кестесіндегі қазіргі жайы көңіл көншітерлік емес, сол себепті алдағы кездесулер тартысты өтетін түрі бар.

«Алматы» өз алаңындағы ойындар сериясын «Құлагермен» кездесумен жалғайды.

Көшбасшылар үштігінен шығып қалған «Теміртау» Батыс Қазақстанға сапарын жалғастырады. Роман Козлов жетекшілік ететін команданың келесі қарсыласы «Ақтөбе» болмақ.

«Ақтөбені» екі рет жеңген «Горняк» түзде келесі батыстық клуб «Бейбарыспен» ойнайды.