Маусымға бет алдық. «Ертіс»

15 qyrkúıek
1681

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның алдағы маусымының қатысушыларымен таныстыруды жалғастырады. Бүгін жеңіс тұғырынан жиі көрінетін ел клубтарының бірі, елдің үш дүркін чемпионы – павлодарлық «Ертіс» туралы сөз қозғамақпыз.

Өткен маусым 

Өткен тұрақты чемпионат команда үшін соңғы бес жылдағы ең үздік кезең болды. Команда ұзақ уақыт бойы бірінші орынға таласып, нәтижесінде екінші қатарға жайғасты. Ал плей-офф павлодарлықтар үшін өздері күткендей басталмады. «Ертіс» екі бастапқы үйдегі матчта «Теміртауға» есе жіберді. Алайда әрі қарай команда бойды жинақтап, серия барысын өзгерте алды. Нәтижесінде 3-2 есебімен «Ертістің» пайдасына шешілді.

Бас бапкер 

Маусым айының соңында бас бапкер қызметіне бүкіл павлодарлық хоккейдің салмақты тұлғасы Сергей Мирошниченко тағайындалды. Ойыншы ретінде ол «Ертісте» жеті жыл өткізді, капитан болды, командамен бірге үш рет чемпион атанды. Енді Сергей Юрьевич өзінің жаттықтырушылық қабілеттерін сынап көрмек. Сергей Мирошниченко — «Ертістің» жаңа бас бапкері

Ауысулар 

Маусымаралық кезең «Ертіс» үшін ауыр болды. Клуб өткен маусымдағы тұрақты чемпионат бойы үздік бомбардир атанған Павел Развадовскиймен қоштасты. Сондай-ақ павлодарлықтар сапынан нәтижелі Элиезер Щербатов, Андрей Демидов, Артём Севанькаев, Евгений Гасников пен Максим Волков кетті. Команданың қорғаныс шебі енді Алексей Ишмаметьевсіз, Александр Куршук пен Егор Наместниковсыз қалды. Оң өзгерістерге қақпашылар қатарының елеулі нығаюын жатқызуға болады. Тәжірибелі Иван Полошков пен Артём Микушин құрамға қосылды. Олар өткен маусымдағы тұрақты чемпионатта бір де бір рет ауыспастан, 60 матчта қақпаны күзеткен Илья Румянцевтің орнын басулары тиіс. Иван Полошков мансабын павлодарлық клубта жалғастырады Сондай-ақ қорғаушы Валентин Милюковтың оралуын атап өтуге болады. Шабуылда жергілікті шәкірттер Диас Атаханов, Юсуп Асуханов пен Александр Своеволин күш салуы тиіс.

Көшбасшы 

«Ертістің» көшбасшысы ретінде өткен маусымда команда капитаны болған шабуылшы Виталий Жиляковты атауға болады. Екі маусым қатарынан ол 30 нәтижелі ұпай межесіне сенімді түрде таяды, ал спортшының көшбасшылық қасиеттері мақтауға тұрарлық. Жиляковқа жазда келісімшарттарын ұзартқан Никита Самойлов пен Денис Гурьев көмектесуі керек. Дәл осы үштікті бапкерлер штабы бақылау ойындары барысында әбден ойынға салды. Виталий Жиляков «Ертіспен» келісімшартты ұзартты

Не күтеміз 

Команда айтарлықтай жаңарып, құрамы жасарды. Және бапкерлер штабы алдында соққы беруге қабілетті ұжымды қалыптастыру деген үлкен міндет тұр. «Ертіске» өткен жылғы жетістікті қайталап, тұрақты чемпионаттың нәтижесі бойынша үздік үштікке кіру оңай болмайды. Алайда команда плей-оффқа шығуы керек. Ал мүлт кетсе, ойынмен қош айтысатын матчтарда мүлдем басқа ойын болатыны анық.