Снежные Барсы маусымда алғаш рет негізгі уақытта жеңіске жетті

27 qarasha
1511

Жексенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында екі матч өтті.

«Снежные Барсы» «алматылықтарды» түзде көпшілік үшін күтпеген жерден жеңді. Алаң иелері үшін екінші кезең шешуші болып, елордалық ұжым жергілікті жұртшылықты үш рет састырды. Дубль Кирилл Ляпуновтың қоржынында. Чемпионаттың ең жас командасы биылғы маусымда негізгі уақытта алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Алматылықтардың қатарынан жеті ойынға созылған жеңіс шеруі үзілді.

«Алматы» - «Снежные Барсы» 3:5 (2:1, 0:3, 1:1)

1:0 - 06:51 - Ляпунов (Ситников)

1:1 - 07:23 - Потырка (Кенесбай, Алдамжаров)

2:1 - 14:04 - Сайко (Маркабаев, Твердохлебов)

2:2 - 22:21 - Муканов (Царёв, Сапарбек Д.) ГБ

2:3 - 30:58 - Сапарбек Д. (Царёв, Ляпунов)

2:4 - 33:45 - Ляпунов (Авдеенко, Шапоров)

2:5 - 50:16 - Шапоров (Царёв, Сапарбек Д.) ГБ

3:5 - 58:28 - Баженов (Твердохлебов, Ваулин)

Қақпашылар: Шалманов – Шефер

«Хумо» «Торпедоны» ойсырата жеңді. Бүгін қонақтар құрғақ жеңілістен құтылды, ал ташкенттіктер қатарынан сегізінші матчын жеңіп келеді. Максим Трунев пен Игорь Игнатушкин нәтижелілігі үшін үш балдан жинады. Осы жетістігінің арқасында Евгений Попихиннің командасы Лига турнир кестесінің екінші қатарына жайғасты. Өскемендіктер плей-офф аймағынан сегіз балл артта келеді.

«Хумо» - «Торпедо» 6:1 (3:1, 1:0, 2:0)

1:0 - 00:57 - Трунев (Караваев, Игнатушкин)

1:1 - 04:54 - Алдабергенов (Дзедаев)

2:1 - 05:54 - Игнатушкин (Трунев)

3:1 - 08:28 - Дорофеев (Тунхузин, Рехтин) ГБ

4:1 - 30:13 - Журавлев (Боровиков, Сауков)

5:1 - 42:42 - Караваев (Трунев, Игнатушкин)

6:1 - 49:37 - Кравченко

Қақпашылар: Мальгин - Осокин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.