Торпедоның қатарынан оныншы жеңілісі, Хумоның құрғақ жеңісі

23 qarasha
1940

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш кездесумен жалғасады.

Оңтүстік астанада алаң иелері өскемендік қарсыластардан мықтырақ болып шықты. «Алматы» Никита Баженов пен Егр Анисимовтің дөп соққыларының, сондай-ақ Николас Вилардоның 33 соққыға тойтарыс беруінің арқасында жеңіске жетті. «Торпедоның» бұл қатарынан оныншы жеңілісі. Алматылықтарды плей-офф аймағынан бір балл бөліп тұр.

«Алматы» - «Торпедо» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 - 03:42 - Баженов (Анисимов, Ваулин) ГБ

2:0 - 39:55 - Анисимов (Филиппенко, Ваулин)

2:1 - 47:44 - Тютюньков (Панченко, Алдабергенов)

Қақпашылар: Вилардо - Янков

«Номад» пен «Құлагер» тағы да жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. Бүгін бұл компонентте «көшпенділер» дәлірек көздеді, шешуші соққы Денис Недильконың қоржынында. Алаң иелерінің қақпашысы Максим Павленко 23 соққыға тойтарыс берді. Оның қарсыласы Данил Кадочников 37 сэйв жасады.

«Номад» - «Құлагер» 2:1 Б (0:0, 0:0, 1:1, 0:0, 1:0)

0:0 - 32:07 - Логвин ШБ

0:1 - 43:00 - Лызин (Потапов)

1:1 - 56:17 - Грачев (Мухаметов, Нургалиев) ГБ

2:1 - 65:00 - Недилько ПБ

Қақпашылар: Павленко - Кадочников

«Снежные Барсы» Ташкентте «Хумоның» қақпасын ала алмады. Алаң иелері сенімді түрде қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Денис Шураков нәтижелілігі үшін екі балл алды. Дмитрий Мальгин қақпаға бағытталған 18 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Хумо» - «Снежные Барсы» 5:0 (2:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 09:40 - Кравченко (Шураков, Кириллов) ГБ

2:0 - 15:59 - Игнатушкин (Курашов, Трунев)

3:0 - 39:16 - Шураков (Бурделёв, Цыплаков)

4:0 - 39:37 - Журавлев (Тунхузин)

5:0 - 53:43 - Шингареев (Дорофеев)

Қақпашылар: Мальгин - Шефер

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.