Сейсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч жоспарланды.
«Алматы» мен «Торпедо» жеңімпазды 65 минутқа созылған ойын барысында анықтай алмады. Бір қызығы, негізгі уақытта командалардың әрқайсысы үш түрлі ойын жағдайында: артық, кем және тең құраммен гол салды. Нәтижесінде Станислав Филиппенконың дөп соққысы алаң иелеріне екі балл сыйлады.
«Алматы» - «Торпедо» 4:3 Б (0:1, 2:1, 1:1, 0:0, 1:0)
0:1 - 09:31 - Архипов (Дзедаев, Громов) ГМ
0:2 - 22:26 - Зубов (Дзедаев) ГБ
1:2 - 31:13 - Твердохлебов (Сайко) ГМ
2:2 - 33:40 - Рыжих (Твердохлебов, Сайко) ГБ
3:2 - 40:26 - Баженов (Рыжих, Анисимов)
3:3 - 48:25 - Дзедаев (Алдабергенов, Каиров)
4:3 - 65:00 - Филиппенко
Қақпашылар: Вилардо - Янков (Осокин, 55:00-65:00)
«Номад» мен «Құлагер» де жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. Мұнда петропавлдық хоккейшілер дәлірек көздеді. Жеңіс шайбасының авторы – дубль жасаған Кирилл Старцев. Владимир Капуловскийдің ойыншылары соңғы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, өздерін плей-офф аймағында айтарлықтай сенімді сезінуде. «Номад» үшін бұл – биылғы маусымдағы оныншы жеңіліс.
«Номад» - «Құлагер» 2:3 Б (1:1, 0:0, 1:1, 0:0, 0:1)
0:1 - 09:34 - Старцев (Закарлюкин, Подшендялов) ГБ
1:1 - 14:50 - Мангисбаев (Александров)
2:1 - 51:16 - Мухаметов (Диханбек, Макеев)
2:2 - 56:09 - Закарлюкин (Старцев) ГБ
2:3 - 65:00 - Старцев
Қақпашылар: Шутов – Кадочников
«Снежные Барсы» «Хумоның» қақпасын ала алмады. Ташкенттік ұжым екі сәтті ұтымды пайдаланып, кезекті екі балды қоржынға салды. Шайбалардың авторлары – Артём Бурделёв пен Даниил Курашов. Қақпашы Роман Смирягин қақпаға бағытталған 11 соққыға тойтарыс берді.
«Хумо» - «Снежные Барсы» 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 10:05 - Бурделёв (Рехтин, Тунхузин)
2:0 - 47:26 - Курашов (Расулов)
Қақпашылар: Смирягин - Шефер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.