Апта ойыншысы – Александр Меньщиков

21 qarasha
1705

Хоккейден Қазақстан чемпионатының 11-ші аптасын қорытындылаймыз.

Өткен кезеңнің ойыншысы Александр Меньщиков болып танылды. «Арланның» форварды командаға өз алаңындағы «Ертіске» қарсы ойында екі рет жеңіске жетіп, +2 пайдалылық көрсеткішімен төрт балл (2+2) жинауға көмектесті. Айтып өтетін жайт, қос шайбаны да Меньщиков артық құраммен салып, соққыларды жүзеге асырудың жоғары пайызын көрсетті (50%). Бірінші ойында Александр қарсылас қақпасына жеңіс шайбасын салуға көмектескендердің бірі болды. Осы жетістіктерінен кейін көкшетаулықтар Лиганың турнир кестесінде үшінші қатарға жайғасты.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.