Турдың қаһарманы – Никита Акулинин

25 qarasha
1589

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен кезеңнің үздік ойыншысы «Горняктың» қақпашысы Никита Акулинин болды. Ол Ақтөбеде екі матч өткізіп, өз командасына бес ұпай жинауға көмектесті (жеңістер 3:0 және буллиттер 3:2).

Бірінші ойында ол 32 соққының барлығына тойтарыс беріп, өз есебіне маусымдағы алғашқы құрғақ ойынды жазды. Екінші ойында рудныйлықтар есеп 0:2 болып тұрған жерден есе қайтарды. Соңғы кезеңде Никитаның сенімді іс-қимылдары Сергей Невструевтің командасына ойын алаңындағы жағдайды түзеп, буллиттер сериясында жеңісті жұлып әкетуге мүмкіндік берді. Бұл ойын барысында Акулинин өз активіне 46 сэйвті жазды.

Түздегі екі жеңісінің арқасында «Горняк» турнир кестесінің сегізінші қатарына шықты.