Хоккейден Қазақстан чемпионатының оныншы аптасын қорытындылаймыз.
Өткен кезеңнің ойыншысы ретінде Никита Баженов танылды. «Алматы» капитаны» өз командасына «Горнякпен» түздегі текетіресте төрт балл жинауға көмектесті. Әсіресе, Баженов үшін екінші түр нәтижелі болып, шабуылшы нағыз қаһарманға айналды.
Бұл ойында Никита покер жасады. Және дәл осы ойыншы ойынды үшінші кезеңнің аяқталуына 43 секунд қалғанда овертаймға айналдырып, оңтүстікастаналық командаға овертаймда жеңіс әкелді.
Жалпы алғанда, Баженов аптаны +3 пайдалылық көрсеткішімен 5 балмен аяқтады. Соққыларды іске асыру пайызы да мақтауға тұрарлық болды (44,44%).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.