13 қараша күні «Сарыарқа» – «Ертіс» матчы аяқталғаннан кейін «Сарыарқаның» бас бапкері Петерис Скудраның тарапынан Маркетинг регламентінің 11-тарауының 6-тармағы бұзылды.
Осы тармаққа сәйкес, клубтарға әлеуметтік желілерде төрешілердің, ҚХФ, басқа клубтар мен олардың хоккейшілерінің/өкілдерінің/жанкүйерлерінің намысына тиетін, абыройын төгетін немесе кәсіби және жеке қасиеттеріне күмән келтіретін сөздерді, суреттер мен видеоларды пайдалануға тыйым салынады. Петерис Скудраның «Ертіс» ХК хоккейшілері мен бапкерлер құрамына қатысты айтқан ауыр сөздері үшін «Сарыарқа» ХК-ға ақшалай айыппұл салынды. Мұндай жайт қайталанған жағдайда, бас бапкерді аластату туралы мәселе көтерілетін болады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.