Горняк Номадтан басым түсті, Сарыарқа 100 шайбадан асыра салды

14 qarasha
1673

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі кездесумен жалғасты.

«Ертіс» «Сарыарқаға» тағы да төтеп бере алмады. Кездесу қарағандылықтардың жеңісімен аяқталды. Олар маусымда 100 шайбадан бірінші болып асыра салды. Руслан Дёмин дубль жасады, Иван Захарчук нәтижелілігі үшін үш балл салды.

«Сарыарқа» - «Ертіс» 9:2 (2:0, 2:2, 5:0)

1:0 - 04:16 - Лагунов (Холькин)

2:0 - 08:36 - Пархоменко (Данияр, Борисевич) ГБ

2:1 - 26:57 - Атаханов (Олендаренко, Галеев) ГБ

3:1 - 29:00 - Дёмин

3:2 - 36:20 - Галеев (Атаханов, Абдрашитов)

4:2 - 38:18 - Фёдоров (Захарчук, Боровков)

5:2 - 40:42 - Захарчук (Борисов)

6:2 - 45:39 - Дёмин (Беляев)

7:2 - 50:06 - Борисевич (Анохин) ГБ

8:2 - 54:47 - Сиксна (Яковлев, Борисов)

9:2 - 56:29 - Исмагилов (Захарчук, Расулов) ГБ

Қақпашылар: Микушин - Нечвиенко

«Горняк» «Номадтан» жеңісті жұлып әкетті. Шешуші шайбаның авторы – Алексей Козорез. Рудныйлықтардың қақпашысы Никита Акулинин қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берді. Қонақтар турнир кестесінде алтыншы орынға тұрақтап, бесінші болып келе жатқан «көшпенділермен» алшақтықты үш ұпайға дейін қысқартты.

«Номад» - «Горняк» 2:3 (1:1, 1:0, 0:2)

0:1 - 12:22 - Степанов (Садиков, Юлбарисов) ГМ

1:1 - 16:59 - Омирбеков (Колобов)

2:1 - 36:42 - Мухаметов (Бутенко, Диханбек)

2:2 - 45:54 - Кунишников (Ширяев)

2:3 - 47:41 - Козорез (Пальмтаг, Солтан)

Қақпашылар: Шутов - Акулинин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.