Сарыарқаның 20 жеңісі, Батыстағы қарымта ойындар

12 qarasha
1697

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш кездесумен жалғасуда.

«Сарыарқа» «Ертіспен» текетіресте қателікке жол бермеді. Қарағандылық ұжым ойын барысын бақылап, нәтижесіндегі биылғы маусымдағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Иван Захарчук пен Андрей Лагунов дубльдердің авторы атанды. Павлодарлықтар үшін бұл қатарынан үшінші жеңіліс болды.

«Сарыарқа» - «Ертіс» 7:3 (3:2, 2:0, 2:1)

0:1 - 04:26 - Галеев ГМ

1:1 - 05:09 - Данияр (Ананичев, Анохин) ГБ

1:2 - 07:46 - Буденчук (Петросян, Чалов)

2:2 - 09:07 - Захарчук (Фёдоров, Боровков)

3:2 - 09:33 - Пархоменко (Борисов, Ананичев)

4:2 - 30:43 - Лагунов (Яковлев)

5:2 - 31:00 - Захарчук

5:3 - 43:36 - Чалов (Билимбаев) ГБ

6:3 - 53:19 - Лагунов (Клещенко, Пархоменко) ГБ

7:3 - 54:10 - Борисевич (Пархоменко, Анохин)

Қақпашылар: Каратаев (Коваль, 07:46-60:00) - Штукерт (Нечвиенко, 09:33-60:00)

«Құлагер» «Бейбарыстан» қарымта қайтарды. Бүгінгі кездесу аса нәтижелі болмады. Петропавлдықтар көшбасшылары Артём Подшендялов пен Кирилл Старцевтің дөп соққылары мен қақпашысы Данил Кадочниковтің 41 сэйвінің арқасында жеңіске жетті.

«Бейбарыс» - «Құлагер» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)

0:1 - 09:59 - Подшендялов (Закарлюкин)

0:2 - 33:54 - Старцев (Закарлюкин, Пылаев)

1:2 - 54:29 - Дубинин (Иванов, Егоров)

Қақпашылар: Базарбеков - Кадочников

Ақтөбеде тағы бір қарымта ойын болды. Бүгін «Арланның» ойыншылары өз сәттерін ұтымды пайдаланып, қорғаныста да жақсы ойнай бастады. Жеңіс шайбасының авторы – Евгений Королинский. Көкшетаулықтардың қақпашысы қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Арлан» 1:4 (0:0, 0:2, 1:2)

0:1 - 34:21 - Колесников (Ларионов, Ибрайбеков)

0:2 - 39:19 - Королинский (Лихотников, Жарков)

0:3 - 40:41 - Лихотников (Дюкарев, Полохов) ГБ

1:3 - 54:13 - Потайчук (Кучин, Митряков) ГБ

1:4 - 58:15 - Гребенщиков (Костромитин, Ларионов) ПВ

Қақпашылар: Тихонов (Ершов, 40:41-60:00) - Мейдер

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.