Алтай Торпедо мен Бейбарыс қарымта қайтарды, Алматы бесінші орынға шықты. 24 қарашадағы матчтарға шолу

24 qarasha
1282

«Алтай Торпедо» «Ертістен» алдыңғы ойындағыдай есеппен қарымта қайтарды. «Алматы» «Снежные Барсы» командасына қарсы өз алаңындағы ойында бес ұпай жинады. «Горняк» буллиттер сериясында «Ақтөбеден» басым түсті. Кулиевтің дубль жасағанына қарамастан «Теміртау» «Бейбарыстан» жеңіліп қалды.

«Алтай Торпедо» және «Ертіс» арасындағы кездесудің қаһарманы өз қақпасына шайба жуытпаған өскемендіктердің қақпашысы Владислав Нурек болды. Ол 35 соққыға тойтарыс берді. Ортадағы ойыншылар үш шайба салып, қоржынға ұпай қосты.

"Алтай Торпедо" – "Ертіс" 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 05:40 – Перов (Дзедаев)

2:0 – 18:47 – Богданов (Белохонов)

3:0 – 40:38 – Михайлов (Караваев, Колобов)

Қақпашылар: Нурек – Микушин

Алматылықтар екінші рет «Снежные Барсы» командасының екпінін басты. Павел Думаның командасы көпшілікпен ойнап, жеңіске жетті.

"Алматы" – "Снежные Барсы" 3:2 (0:1, 1:0, 2:1)

0:1 – 10:54 – Бойко (Диханбек)

1:1 – 34:22 – Наместников (Ипатов, Волков) ГБ

2:1 – 45:18 – Бельгибаев (Ковзалов, Бурделёв)

3:1 – 52:37 – Кудрявцев (Бельгибаев, Бурделёв) ГБ

3:2 – 58:09 – Омирбеков (Сайко)

Қақпашылар: Гичев – Калмыков

"Горняк" Ақтөбемен екінші матчта мінез көрсетіп, екінші кезеңде 0:2 есеппен жағдайды түзеді. Осылайша Ақтөбеден бес ұпай алып қайтты.

"Ақтөбе" – "Горняк" 2:3 Б (2:0, 0:2, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 – 07:23 – Смирнов

2:0 – 15:49 – Халиков (Жилин, Филонов)

2:1 – 34:59 – Башлаев (Коптяев, Штефан)

2:2 – 36:05 – Юлбарисов (Садиков) ГБ

2:3 – 65:00 – Щанкин ПБ

Қақпашылар: Тихонов – Акулинин

Атыраулықтар «Теміртаумен» матчтың соңғы минуттарында жақсы қимылдады, осылайша 4:2 есебімен жеңіске жетті. Сары-қаралармен қақтығыстың нәтижесінде төрт ұпай алғанына қарамастан, Бейбарыс әлі де кубокқа таласатын сегіздіктің құрамынан табылмай отыр.

"Бейбарыс" – "Теміртау" 4:2 (1:0, 0:1, 3:1)

1:0 – 16:30 – Бандуркин (Ананичев Ал.)

1:1 – 26:50 – Кулиев (Чайка, Михнин) ГБ

2:1 – 25:42 – Боровков (Гарифулин, Петров)

2:2 – 46:49 – Кулиев (Колесников)

3:2 – 52:58 – Рыжих (Ишмаметьев, Старцев) ГБ

4:2 – 59:57 – Кожевников (Ишмаметьев, Старцев)

Қақпашылар: Иванов – Еремеев