Хоккейден Қазақстан чемпионатының тоғызыншы аптасын қорытындылаймыз.
Өткен кезеңнің ойыншысы атанған – Тимур Шингареев. «Хумо» Павлодарда түздегі ойындарын сенімді өткізді. Ташкенттіктер екі рет ірі жеңіске жетіп, турнир кестесінде төртінші қатарға шықты. Шингареев «Ертіспен» матчтың қорытындысы бойынша +2 пайдалылық көрсеткішімен 5 (2+3) балл жинады. Бірінші ойында Тимур екі рет артық құраммен гол салып, бір рет командаласына пас берді. Екінші кездесуде «Хумоның» 17-ші нөмірлі ойыншысы екі рет пас беріп, олардың біреуі жеңіс шайбасына атсалысты. Бұл ретте форвард соққыларды іске асырудың айтарлықтай жоғары көрсеткіші –28,57%-ды көрсетті.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.