Хумо мен Алматының құрғақ жеңістері, Марқабаевтың хет-тригі

5 qarasha
1067

Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның бүгінгі қос кездесуінде де алаң иелері қарсыластың қақпасын ала алмады.

Елордада «Снежные Барсы» «Алматыны» екінші рет жеңді. Оңтүстікастаналық ұжым бес нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, Алигер Шалмановтың арқасында 14 соққыға тойтарыс берді. Батыр Марқабаев хет-трик жасады.

«Снежные Барсы» - «Алматы» 0:5 (0:0, 0:2, 0:3)

0:1 - 28:51 - Марқабаев (Машинец)

0:2 - 36:18 - Марқабаев (Фокин, Донской)

0:3 - 45:46 - Анисимов (Баженов, Рыжих) ГБ

0:4 - 47:34 - Твердохлебов (Машинец, Аргымбаев)

0:5 - 55:47 - Марқабаев (Машинец, Донской)

Қақпашылар: Никитин - Шалманов

«Хумо» «Ертістің» бес матчқа созылған жеңістер шеруін үзді. Бүгін ташкенттік команда қарсыласты тырп еткізбей, ірі жеңіске жетті. Қуантарлығы, сегіз шайбаның барлығын павлодарлықтардың қақпасына әртүрлі хоккейшілер салды. Дмитрий Мальгин қақпаға бағытталған 18 соққының барлығына тойтарыс берді. Осы жетістігінен кейін өзбекстандық ұжым турнир кестесіндегі бесінші қатарға шықты.

«Ертіс» - «Хумо» 0:8 (0:0, 0:6, 0:2)

0:1 - 21:18 - Кириллов (Трунев)

0:2 - 22:33 - Цыплаков (Дрягилев, Шингареев)

0:3 - 24:50 - Трунев (Караваев)

0:4 - 25:08 - Валеев (Тунхузин)

0:5 - 29:22 - Чеботарев (Кириллов)

0:6 - 36:50 - Игнатушкин (Трунев, Кириллов) ГБ

0:7 - 42:51 - Кравченко (Журавлев, Валеев)

0:8 - 52:08 - Шингареев (Валеев, Кириллов) ГБ

Қақпашылар: Нечвиенко (Зыкин, 24:50-60:00) - Мальгин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.