Раенко Арланда, Серёгин Ақтөбеде, Кузнецов Торпедода. Аптаның ауысулары

24 qarasha
1543

ҚХФ баспасөз қызметі соңғы аптада Pro Ligasy командаларының құрамдарында орын алған ең қызықты ауыс-түйістер туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

«Ертіс» командасының бас бапкері болып словакиялық маман Владимир Клинга тағайындалды. Бұған дейін соңғы екі маусым бойы ол «Бейбарыста» жұмыс істеген. Сондай-ақ «Ертіс» шабуылшы Павел Зыковпен келісім жасасты.

"Торпедо" қорғаушы Эдуард Михайловты «Алтай Торпедоға» жіберді. Оның орнына қорғаныстағы басқа ойыншы – Сергей Кузнецов келді.

"Теміртау" бірден төрт спортшысының ауысатынын мәлімдеді. Команданың жаңа ойыншылары: қорғаушы Глеб Штайгер, сондай-ақ шабуылшылар Никита Жуков, Кирилл Кожевников пен Кирилл Беляев.

"Бейбарыста" маусым бойы ауқымды өзгерістер орын алып келеді. Атыраулықтар сапын шабуылшылар Владимир Боровков, Егор Кожевников пен Руслан Габазов толықтырды. Командадан форвард Илья Серёгин кетті, спортшы мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады.

«Арлан» құрамынан Константин Савенков кетті. Шабуылшылар Александр Сметанин және Анатолий Раенкомен келісімшарт жасалды.