Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде «Горняк» «Номадты» жеңді.
Шешуші сәттер екінші кезеңнің соңына қарай орын алды: алаң иелері екі нәтижелі шабуыл жасап, жайлы есеп айырмашылығын орнатты. Ойын соңында «Номад» қуып жетуге тырысты, алайда уақыт тапшы болды. «Горняктың» жеңіс шайбасының авторы – Иван Ширяев. Осылайша, «көшпенділердің» жеңіс шеруі алтыншы матчтан кейін үзілді.
«Горняк» - «Номад» 4:3 (1:1, 2:0, 1:2)
1:0 - 01:34 - Шарипов (Ямалов, Гурьев)
1:0 - 07:52 - Казаков ШБ
1:1 - 16:22 - Грачев (Тетерин)
2:1 - 36:02 - Гурьев (Ямалов)
3:1 - 38:52 - Ямалов (Шарипов)
4:1 - 45:51 - Ширяев (Юлбарисов, Степанов) ГБ
4:2 - 55:48 - Грачев (Нурлан)
4:3 - 59:12 - Диханбек (Мухаметов)
Қақпашылар: Акулинин - Шутов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.