Қазақстанның хоккей федерациясы Алматы-Сарыарқа матчы бойынша жағдайды түсіндіреді

1 qarasha
1787

ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі 23 қазан күні оңтүстік астанада өткен «Алматы» – «Сарыарқа» матчы бойынша жағдайды түсіндіреді.

Бірқатар БАҚ беттерінде келесідей мазмұнда ақпарат жарияланды.

«Шайба.kz сайтына белгілі болғандай, «Алматы» басшылығы ҚХФ-дан 23 қазанда Қазақстан тұрақты чемпионаты аясында өткен матч үшін «Сарыарқаға» техникалық жеңіліс есептеп, турнир регламентіне сілтемей жасай отырып, қарағандылық клубқа 572 400 теңге мөлшерінде ақшалай айыппұл салуды талап етеді. Бұл кездесуде оңтүстікастаналық хоккейшілері «Халық Аренада» 1:9 есебімен ойсырай жеңілді.».

- Ондай жағдай болғаны рас, алайда қазіргі таңда тараптар арасындағы дау шешілді, - дейді QHL басқарушы директоры Андрей Сачук. – Мұнан басқа, ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі тарапынан ойыншы Данила Бутенконың өтініміне қатысты түсініктеме берілді, тараптар хабарландырылды. Материал жарияланған сәтте «Алматы» тарапынан наразылық болмағанын атап өткім келеді. Тиісінше, БАҚ-та жарияланым сәтінде актуалды емес ақпарат жарияланған.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.