Святынаның хет-тригі, Сарыарқа Торпедоны жеңді

31 qazan
1680

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Ертіс» пен «Алматы» жеңімпазды есеп 3:3-пен аяқталған негізгі уақыттан тыс анықтады. Павлодарлықтар құрамындағы үш шайбаның үшеуін де өз есебіне Филипп Святына жазды. Овертаймда Юсуп Асухановтың дөп соққысы алаң иелеріне маусымдағы сегізінші жеңісті сыйлады, бұл «Ертіске» турнир кестесінде жетінші қатарға шығуға мүмкіндік берді.

«Ертіс» - «Алматы» 4:3 ОТ (1:0, 1:1, 1:2, 1:0)

1:0 - 04:58 - Святына

2:0 - 25:44 - Святына (Ищенко, Олендаренко)

2:1 - 34:24 - Машинец (Баженов, Анисимов)

3:1 - 43:18 - Святына (Евлоев)

3:2 - 53:50 - Рыжих (Анисимов, Баженов) ГМ

3:3 - 56:25 - Твердохлебов (Машинец)

4:3 - 63:34 - Асуханов (Атаханов)

Қақпашылар: Нечвиенко - Вилардо

«Сарырқа» «Торпедоны» жеңді. Өскемендіктер кездесудің соңғы минуттарына дейін тартысты, алайда ойын соңын қарағандылықтар өз бақылауында ұстады. «Торпедо» қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырап отыр.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 4:1 (2:0, 0:1, 2:0)

1:0 - 03:10 - Гавриленко (Злобин, Гофман)

2:0 - 16:09 - Данияр (Исмагилов, Двуреченский)

2:1 - 31:48 - Дзедаев (Алдабергенов, Зубов)

3:1 - 58:37 - Фёдоров ГМ

4:1 - 59:33 - Яковлев (Пархоменко)

Қақпашылар: Каратаев - Осокин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.