Апта ойыншысы – Арслан Ямалов

29 qazan
1321

Хоккейден Қазақстан чемпионатының сегізінші аптасын қорытындылаймыз.

Өткен кезең ойыншысы Арслан Ямалов болды. «Горняктың» форварды өзінің қоржынын едәуір толтырып, өз командасына елордада екі рет жеңіске жетуге көмектесті. «Снежные Барсы» командасына қарсы бірінші ойынша ол гол салып, нәтижелі пас берді. Екінші матчта Арслан өз командасының барлық шайбасын салып, Қазақстан чемпионатындағы өзінің алғашқы хет-тригін жасады. Дәл Ямалов салған дөп соққылар рудныйлықтарды екі кездесуде де жеңіске жеткізді. Жиған төрт балының арқасында «Горняк» плей-офф аймағына енді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.