Арлан үштікке енді, Сарыарқа Ташкентте қарымта қайтарды

28 qazan
1280

Бейсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында үш матч өтті.

«Арлан» екінші текетіресте де «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетті. Бір қызығы, үш шайбаның үшеуін де қонақтар артық құраммен салды. Жеңіс шайбасының авторы – Виталий Жиляков.

«Құлагер» - «Арлан» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

1:0 - 08:22 - Пылаев (Рыжий)

1:1 - 11:40 - Дюкарев (Лихотников, Карабань) ГБ

2:1 - 34:45 - Старцев (Подшендялов)

2:2 - 39:26 - Лихотников (Меньщиков) ГБ

2:3 - 41:09 - Жарков (Михнин, Жиляков) ГБ

Қақпашылар: Хозяшев - Мейдер

«Номад» өз жанкүйерлерін біраз алаңдатып барып, дегенмен, «Торпедоны» жеңді. Ұзақ уақыт бойы қонақтар минималды есеппен алда келе жатты. Алайда қорытынды кезеңде «көшпенділер» ойын барысын түбегейлі бұрды. Эмиль Нургалиев дубль жасады.

«Номад» - «Торпедо» 3:1 (0:1, 0:0, 3:0)

0:1 - 05:42 - Алдабергенов (Зубов, Дзедаев)

1:1 - 45:50 - Диханбек (Рунов, Александров) ГБ

2:1 - 52:51 - Нургалиев (Колобов)

3:1 - 53:11 - Нургалиев (Мухаметов, Диханбек)

Қақпашылар: Шутов - Янков

«Сарыарқа» Ташкентте қарымта қайтарды. Жеңіс шайбасының авторы – Егор Огиенко. Қақпашы Денис Каратаев қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді.

«Хумо» - «Сарыарқа» 2:3 (1:1, 0:2, 1:0)

1:0 - 04:25 - Валеев

1:1 - 17:10 - Злобин (Анохин, Борисевич) ГБ

1:2 - 34:19 - Беляев (Злобин, Борисевич) ГБ

1:3 - 35:16 - Огиенко (Яковлев)

2:3 - 43:44 - Караваев (Цыплаков, Дорофеев)

Қақпашылар: Смирягин - Каратаев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.