Ертіс пен Горняктың «құрғақ» жеңістері. 23 қарашадағы матчтарға шолу

23 qarasha
1508

«Құлагер» буллиттер бойынша «Сарыарқаны» жеңіп кетті. «Номад» «Арланнан» қарымта қайтарды. Иван Полошков «Алтай Торпедоға» қарсы ойында «Ертіске» «құрғақ» жеңіс сыйлады. «Алматы» овертаймда ғана «Снежные Барсы» командасының арынын басты. «Горняк» түзде «Ақтөбеден» басым түсті. «Бейбарыс» пен «Теміртауға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды.

«Құлагер» мен «Сарыарқаның» екінші кездесуінің басты қаһармандары қақпашылар болды. Андрей Янков пен Никита Бояркин жалпы есебі 80 соққыға тойтарыс берді. Нәтижесінде, жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Мұнда Альберт Гатиннің орындауындағы шешуші соққының арқасында қонақтар жеңіп кетті.

"Құлагер" – "Сарыарқа" 3:2 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

0:1 – 22:02 – Желнеровский (Борисевич, Рахманов)

1:1 – 22:36 – Святына (Логинов, Хорошев)

2:1 – 52:01 – Хорошев (Власов)

2:2 – 53:50 – Сиксна (Борисевич) ГБ

3:2 – 65:00 – Гатин ПБ

Қақпашылар: Янков – Бояркин

"Номад" Захар Пархоменко жасаған дубль мен соңғы кезеңдегі қақпашы Сергей Кудрявцевтің сенімді ойынының арқасында «Арланнан» қарымта қайтарды. Кездесудің шешуші сәттері соңғы кезеңде болып, командалар төрт минутқа жетпейтін уақыт ішінде үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды.

"Арлан" – "Номад" 1:3 (0:0, 0:1, 1:2)

0:1 – 33:06 – Пархоменко (Муратов, Зубов)

0:2 – 45:15 – Орехов (Данияр Сн., Гатиятов)

0:3 – 48:19 – Пархоменко (Муратов, Зубов)

1:3 – 49:00 – Боровиков (Раенко)

Қақпашылар: Демидов – Кудрявцев

«Ертіс» түзде «Алтай Торпедоны» жеңді. Бұл жолы павлодарлықтар жеңу үшін қарсы қақпаға бар болғаны 19 соққы бағыттады. Голкипер Иван Полошков өз есебіне 35 сейвті жазды.

"Алтай Торпедо" – "Ертіс" 0:3 (0:1, 0:2, 0:0)

0:1 – 03:14 – Самойлов (Марушев, Жиляков)

0:2 – 28:36 – Гурьев (Игнатенко, Зыков)

0:3 – 37:00 – Жиляков (Волгин, Гурьев)

Қақпашылар: Нурек (Мейдер, 37:00-60:00) – Полошков

«Снежные Барсы» командасымен матчың үшінші кезеңінің ортасына қарай алматылықтар үлкен есеп айырмасымен алға кетті. Алайда елордалық ұжым ерік-жігерді бойға жиып, ол айырманы жойып қана қоймай, ойынды овертаймға айналдырды. Қосымша бес минутта ғана Павел Думаның ойыншылары қарсыластан басым түсті.

"Алматы" – "Снежные Барсы" 4:3 ОТ (2:1, 1:0, 0:2, 1:0)

1:0 – 08:05 – Буяльский (Наместников, Ипатов)

1:1 – 11:06 – Шетле (Верещагин, Макеев) ГБ

2:1 – 12:21 – Ананьин (Кудрявцев, Ипатов)

3:1 – 26:53 – Бельгибаев (Камерист, Бурделёв) ГМ

3:2 – 47:08 – Ищенко (Колодюк, Евлоев)

3:3 – 59:39 – Сайко (Верещагин, Комаров)

4:3 – 62:32 – Бутузов (Полуэктов, Наместников)

Қақпашылар: Полуэктов – Павленко

"Горняк" Ақтөбедегі алғашқы матчта әрбір кезеңде бір голдан салып, өз қақпасына шайба жуытпады. Рудныйлықтардың қақпашысы Никита Акулинин қақпаға бағытталған 32 соққының бәріне тойтарыс берді.

"Ақтөбе" – "Горняк" 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)

0:1 – 16:06 – Муравьев (Власов, Ахметвалиев)

0:2 – 26:33 – Власов (Муравьев.ю Москалев)

0:3 – 52:54 – Воронин (Садиков, Юлбарисов)

Қақпашылар: Мальгин (Скрипченко, 52:54-60:00) – Акулинин

"Бейбарыс" пен "Теміртау" бір-біріне дес берместен кезеңнен кезеңге өтті. Алайда жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Бұл жолы қонақтар басым түсті.

"Бейбарыс" – "Теміртау" 3:4 Б (0:0, 1:1, 2:2, 0:0, 0:1)

0:1 – 31:26 – Кожевников (Лызин, Михнин)

1:1 – 35:26 – Гарифулин (Сулейманов, Петров)

2:1 – 41:50 – Воробьев (Старцев, Ишмаметьев)

2:2 – 45:28 – Пальмтаг (Демин, Жорабек)

3:2 – 52:02 – Бакика (Степаненко, Ананичев Ар.)

3:3 – 58:47 – Кулиев (Михнин)

3:4 – 65:00 – Колесников ПБ

Қақпашылар: Иванов – Селивёрстов