Елордадағы сойқан, жігерлі Бейбарыс

24 qazan
1437

Дүйсенбі күні қазақстандық көрермен Қазақстан чемпионаты аясында екі матч тамашалады.

«Горняк» түзде «Снежные Барсы» командасын тырп еткізбеді. Рудныйлықтар екі рет артық құрам ұйымдастырып, өз қақпаларына шайба жуытпады. Арслан Ямалов пен Дмитрий Селютин нәтижелілік үшін екі балдан алды. Қонақтардың қақпашысы Илья Лигай қақпаға бағытталған 15 соққыға тойтарыс берді.

«Снежные Барсы» - «Горняк» 0:5 (0:1, 0:3, 0:1)

0:1 - 07:28 - Ямалов (Гурьев, Щёкин)

0:2 - 20:15 - Ширяев (Юлбарисов)

0:3 - 22:36 - Кунишников (Селютин)

0:4 - 34:39 - Садиков (Селютин, Ямалов) ГБ

0:5 - 41:32 - Шарипов (Щёкин, Гурьев) ГБ

Қақпашылар: Дубинскас - Лигай

«Бейбарыс» «Ақтөбемен» екінші кездесуде жеңіске жетті. Кездесудің шешуші сәті үшінші кезең аяқталуға сәл қалғанда орын алды. Жеңіс шайбасы Захар Шабловскийге тиесілі. Атыраулықтар бірінші орында келе жатқан «Сарыарқаны» қуып жетуге еш мүмкіндік бермеуде.

«Бейбарыс» - «Ертіс» 3:2 (0:1, 2:1, 1:0)

0:1 - 14:32 - Елизаров (Митряков, Дерзаев)

1:1 - 21:31 - Скатов (Дубинин)

1:2 - 33:51 - Беляев (Дерзаев, Ильин)

2:2 - 39:38 - Воробьев (Иванов, Колесников) ГБ

3:2 - 57:08 - Шабловский

Қақпашылар: Базарбеков - Шаров

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.