Хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті ойын күні аяқталды.
«Ертіс» Өскеменнен төрт балмен қайтты. Бүгін павлодарлықтар бірінші кезеңді екпіндетіп бастап, «Торпедоны» сенімді жеңді және Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның үздік командаларының сегіздігіндегі орнын нығайтты. Екі шайбаның авторы – Денис Буденчук.
«Торпедо» - «Ертіс» 2:6 (0:3, 1:3, 1:0)
0:1 - 00:35 - Святына (Абдрашитов, Асуханов)
0:2 - 12:28 - Буденчук (Петросян)
0:3 - 15:41 - Евлоев
0:4 - 21:45 - Дюжев (Шлычков)
0:5 - 28:10 - Олендаренко (Левитский, Чалов) ГБ
0:6 - 31:48 - Буденчук (Петросян, Галеев) ГБ
1:6 - 35:24 - Рифель (Ляпунов, Астраханцев)
2:6 - 43:16 - Дзедаев ГБ
Қақпашылар: Янков (Осокин, 15:41-60:00) - Нечвиенко
Чемпионаттың қазіргі көшбасшысы «Сарыарқа» түзде «Алматының» арынын басты. Қарағандылықтарға артық құраммен Александр Ананичев салған шайба жеңіс сыйлады. Бұл – оңтүстікастаналық ұжымның қатарынан тоғызыншы жеңілісі. «Сарыарқа» аяңдамастан чемпионат басталысымен қатарынан 15-ші матчын жеңіп отыр.
«Алматы» - «Сарыарқа» 1:2 (1:1, 0:0, 0:1)
1:0 - 01:04 - Донской (Рыжих)
1:1 - 04:46 - Злобин (Борисов, Сиксна)
1:2 - 51:58 - Ананичев (Клещенко) ГБ
Қақпашылар: Шалманов - Каратаев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.