Сарыарқа үшінші орынға шықты, Арлан Номадтан басым түсті. 22 қарашадағы матчтарға шолу

22 qarasha
1724

"Сарыарқа" «Құлагерді» қақпасына бір де бір шайба өткізбестен жеңіп, аралық тізімнің үшінші орнына шықты. «Арлан» «Номадтың» екпінін басты.

«Құлагер» мен «Сарыарқа» арасындағы бірінші матчтың тағдырын қонақтар салған жалғыз шайба шешті. Ойынның ортасында Иван Безруков гол салды. Қарағандылықтардың голкипері Никита Бояркин өз есебіне 21 сэйв жазды. Бұл оның маусымдағы алғашқы «құрғақ» ойыны.

"Құлагер" – "Сарыарқа" 0:1 (0:0, 0:1, 0:0)

0:1 – 28:59 – Безруков (Аноховский, Марков)

Қақпашылар: Хозяшев – Бояркин

"Арлан" «Номадтан» басым түсіп, өз алаңындағы жеңілістер сериясын тоқтатты. «Көшпенділер» соңғы үш кездесудің екеуінде жеңілді, дегенмен әзірге екінші орынға тұрақтады. Жеңімпаздар құрамынан Дмитрий Шитиков дубль жасады, қақпашы Михаил Демидов 26 соққыға тойтарыс берді.

"Арлан" – "Номад" 3:1 (0:0, 1:0, 2:1)

1:0 – 30:40 – Шитиков (Бердников В., Боровиков) ГМ

2:0 – 42:07 – Бердников Р. (Киселев, Гуляков)

2:1 – 58:50 – Муратов (Пархоменко, Орехов)

3:1 – 59:42 – Шитиков (Казанцев) ПВ

Қақпашылар: Демидов – Крамарь