Апта матчтары

3 qazan
1081

Назарларыңызға Қазақстан чемпионатының бесінші аптасының алдағы жекпе-жектерінің аңдатпасын ұсынамыз.

Кезекті аптаның негізгі матчтары Қарағандыда өтеді. Әзірге бір де бір балл жоғалтпаған «Сарыарқа» чемпионатты жақсы бастаған «Ақтөбені» қабылдайды. Соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жеткен батысқазақстандық ұжым қазіргі чемпионның жеңістер шеруін тоқтатуға тырысады.

Маусымның басында сүрінген «Номад» өз алаңында қазір бабында тұрған «Бейбарыспен» ойнайды. Атыраулықтар соңғы турда асқан нәтижелілік көрсеткен жоқ, алайда қорғаныстағы мығым ойын Артём Аргоковтың ұжымына ұпай жинауға мүмкіндік береді.

«Торпедо» мен «Арлан» кездесуі де қызықты өтетін сияқты, командалар Өскеменде жолығады. Хоккейсүйер жанкүйер бұл ойында қызықты текетірестерге куә болары сөзсіз.

Турнирлік перспективалар тұрғысынан қызықты кездесулер Павлодарда өтеді. «Ертіс» «Снежные Барсы» командасын қабылдайды. Бұл командалардың ұпайға зәру екені айтпаса да түсінікті.

Петропавлда «Құлагер» мен «Горняк» бақ сынасады. «Алматы» мен «Хумо» оңтүстік астанада кездеседі.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.