ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның алдағы маусымының қатысушыларымен таныстыруды жалғастырады. Бүгін оңтүстік астаналық команда – «Алматы» жөнінде сөз қозғамақпыз.
Өткен маусым
Өткен маусым «Алматы» ХК-ның оң жамбасына келді. Ұжым тамаша ойын өрнегін көрсетіп, тұрақты чемпионаттың нәтижесі бойынша үздік үштікке кіріп қана қоймай, медиа және маркетинг саласында сапалы серпіліс жасады. Клуб басшылығы маусымның басынан бері команда алдына ең биік межелер қойылғанын мәлімдеді және алматылықтар бұл сындарға дайын болды. ¼ финалда оңтүстік астаналық ұжым петропавлдық «Құлагермен» тартысты және ел чемпионатының жартылай финалына шығуына бір ғана жеңіс жетіспеді. Павел Дума аз уақыт ішінде мықты ұжым қалыптастыруға тырысады
Бас бапкер
Маусым айында клуб жаңа жетекші туралы мәлімдеді. Бұл қызметке өткен маусымда «Алматы» жастар командасын жаттықтырған ҚР спорт шебері Павел Дума келді. Ойыншы кезінде Павел Александрович"Нефтехимик", "Ақ Барыс", "Молот-Прикамье", қарағандылық "Сарыарқа", көкшетаулық "Арлан" және басқа да командаларда өнер көрсеткен.
Ауысулар
Командадан бұл маусымаралықта көптеген көшбасшылар кетті. Бірінші кезекте алматылықтар Дмитрий Мальгин және Михаил Демидов сияқты қақпашылардың тәжірибелі қатарынан айрылды. Қорғаныс шебінде Артемий Лакизаның, Илья Гуляковтың және Михаил Шерстюктің жоқтығы білінуі мүмкін. Сонымен қатар командамен шабуылшылар Александр Нестеров, Александр Евграфов пен Александр Воробьёв қош айтысты. Келушілерден қақпашы Павел Полуэктовті, тәжірибелі қорғаушылар Егор Наместников пен Александр Писаревті, ЖХЛ-дағы жас шабуылшы Савелий Малетинді атауға болады. Сонымен қатар оңтүстік астаналық ұжым құрамын дарынды Андрей Буяльский толықтырды. Андрей Спиридонов бірінші орталық шабуылшы орнын иеленді
Көшбасшы
«Алматының» тағы бір жаңа ойыншысы – Андрей Спиридонов. Командада мұндай деңгейдегі шабуылшының болуы оны автоматты түрде көшбасшы етеді және ұжыммен тіл табысуда бапкерлер құрамы оған үміт артып, арқа сүйейді. 38 жастағы орталық шабуылшы әлі күнге дейін маусымда кемінде 30 ұпай жинайды. Ал аса нәтижелі емес «Ақтөбе» құрамында өткен маусымда Андрей тіпті 51 ұпай жинады.
Не күтеміз
"Алматы" ХК өз тарихындағы ең жарқын кезең болу мүмкіндігін уысынан шығарып алып, өткен маусымның өздері үшін ерте аяқталғанына өкініш білдірді. Алайда бапкерлер құрамының қоластында мүлдем басқа команда және оларға команданың алдыңғы жетістігін қайталау қажет.