Теміртаудың 2022/23 маусымына қатыспайтыны белгілі болды

11 tamyz
2380

«Теміртау» командасының ҚХФ алдағы маусымдағы турнирлеріне қатыспайтыны белгілі болды.

Қажетті қаржыландырудың жоқтығына байланысты «Теміртау» алдағы Париматч – Қазақстан кубогі 2022-де, сонымен қатар Pro Hokei Ligasy Қазақстан чемпионатында өнер көрсете алмайды.

Андрей Сачук, QHL басқарушы директоры

- Федерация Әкімдікпен және Қарағанды облысының Спорт басқармасымен бірге соңғы сәтке дейін мәселені шешудің жолын іздеумен болды. Жабдық, тамақтану, жол жүрулер және т.б. бағасының өсуіне байланысты кәсіби хоккей клубтарын қаржыландыру үшін қарастырылған максималды бюджеттің өзі «Сарыарқа» жүйесінде үш бірдей команда: «Қыран» жастар командасын, «Теміртау» мен «Сарыарқаны» қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Алдағы маусым бойы біз металлургтар қаласына хоккейді қайтарып, жанкүйерлерді сүйікті ойындарынан айырмау үшін бар күшімізді саламыз. Біз түйткілді шешудің түрлі жолын қарастырып жатырмыз. Теміртауда өз алдына бюджеті бар жеке клуб құру үшін әлеуетті демеушілер мен серіктестерді іздестірудеміз.

Орын алған жағдайға байланысты алдағы Қазақстан Кубогінің күнтізбесі өзгертіліп, жақын уақытта жарияланатын болады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.