Қарағандыда «Ақтөбе» мен «Сарыарқа» арасындағы қола сериясының төртінші матчы өтті.
Есепті бірінші болып ақтөбеліктер ашқанына қарамастан, бірінші кезең алаң иелерінің бақылауында өтті. «Сарыарқа» Евгений Григоренко мен Глеб Зайцевтің арқасында екі рет артық құрам ұйымдастырды және қарсыластан әлдеқайда белсендірек болды. Ал екінші кезеңде қонақтар ойынға оралды. Стас Петросяннің дөп соққысы шешуші болып, «Ақтөбеге» алға шығуға мүмкіндік берді. Соңғы кезеңде Вадим Митряков Александр Поляковтың командасының үстемдігін нығайтты. Енді қола сериясының жеңімпазы Ақтөбеде өтетін бесінші матчта анықталады.
«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 2:4 (2:1, 0:2, 0:1)
0:1 - 04:19 - Попитич (Исмагилов, Олендаренко)
1:1 - 08:36 - Григоренко (Злобин) ГБ
2:1 - 15:39 - Зайцев (Злобин, Шингареев) ГБ
2:2 - 28:50 - Беляев (Исмагилов, Попитич)
2:3 - 34:38 - Петросян (Кучин, Арбузов) ГБ
2:4 - 43:31 - Митряков (Петросян)
Қақпашылар: Кадочников - Каратаев
«Ақтөбе» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 2-2 (1:3, 3:2 ОТ, 3:6, 4:2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.