Хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-оффының екінші раунды жалғасуда.
Бастапқы кезеңде «Сарыарқа» мен «Номад» бір-бір шайба алмасты. Есепті Дмитрий Исмагилов ашты, ал сәлден кейін көк сызықтан Данил Бутенко дөп соққы жасады. Арсений Борисов қарағандылықтарды алға шығарды, ал үзіліске бір жарым минут қалғанда Олег Бойко артық құрам ұйымдастырып, таблодағы есепті теңестірді.
Үшінші кезеңде де командалар тең түсті. Ал овертаймда Андрей Лагунов қақпаға шайба салып, «Сарыарқаға» жартылай финалдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік беріп, сериядағы есепті теңестірді.
«Сарыарқа» - «Номад» 4:3 ОТ1 (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)
1:0 - 06:26 - Исмагилов (Сайко, Твердохлебов)
1:1 - 14:30 - Бутенко (Мухаметов)
2:1 - 25:16 - Борисов (Злобин)
2:2 - 38:25 - Бойко (Королёв, Рахманов) ГБ
3:2 - 42:06 - Шин (Сиксна)
3:3 - 47:57 - Бутенко (Рахманов, Бойко)
4:3 - 61:21 - Лагунов (Алдабергенов)
Қақпашылар: Микушин - Шутов
«Сарыарқа» - «Номад» сериясындағы есеп: 1-1 (2:4, 4:3 ОТ1)
«Хумо» биылғы плей-оффтағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бір қызығы, ташкенттіктер үшінші кезеңнің аяқталуына 2 секунд қалғанда мінез көрсетіп, ойынды овертаймға айналдырды. Әйтсе де, жеңіс бұл кеште атыраулық хоккейшілерге бұйырды. Шешуші соққының авторы – Денис Михнин. «Бейбарыстың» қақпашысы Роман Калмыков қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берді.
«Хумо» - «Бейбарыс» 2:3 ОТ1 (1:1, 0:1, 1:0, 0:1)
0:1 - 09:53 - Иванов (Бурделёв, Холоденин)
1:1 - 17:19 - Кириллов (Рехтин)
1:2 - 33:06 - Воробьев (Михайлов, Ершов) ГБ
2:2 - 59:58 - Кириллов
2:3 - 69:54 - Михнин (Кутугин, Маркелов)
Қақпашылар: Смирягин - Калмыков
«Хумо» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 0-1 (2:3 ОТ1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.