Ақтөбе серияда есеп теңестірді, Астанадағы үш овертайм

18 aqpan
1141

Астана мен Атырауда екі ширекфиналдық сериялардың кездесулері өтуде.

Қонақтар бесінші минутта-ақ есеп ашты. «Арлан» тамаша қарсы шабуыл ұйымдастырып, Дмитрий Гренц гол салды. «Көкшеліктердің» жаңа ойыншысы қатарынан екінші матчта қарсыласқа шайба салды. Никита Колобов соңғы кезеңнің басында есеп теңестірді. Ақтық ысқырыққа 68 секунд қалғанда, Денис Недилько шабуылға қосылып, «көкшеліктерді» алға шығарды. Алайда алаң иелерінің қуанышы көпке бармады. «Арлан» қақпашысын ауыстырып, соққыны боратты және көк формалы ойыншының аяғынан ұшқан шайба қақпаға енді. Гол Александр Меньщиковтің есебіне жазылды.

Нәтижесінде, жеңімпаз тек үшінші овертаймда анықталды. Командалар Даниил Жарковтың дөп соққысынан кейін тарқасты.

«Номад» - «Арлан» 2:3 ОТ3 (0:1, 0:0, 2:1, 0:1)

0:1 - 04:48 - Гренц (Дюкарев, Атаханов) ГБ

1:1 - 44:05 - Колобов (Диханбек, Казаков)

2:1 - 58:52 - Недилько (Пелевин, Казаков)

2:2 - 59:17 - Меньщиков

2:3 - 114:05 - Жарков (Королинский)

Қақпашылар: Павленко (Шутов, 02:55-60:00) - Мейдер

Сериядағы есеп: 1-0 (4:3 ОТ1, 2:3 ОТ3)

Атыраудағы екінші матчтың бірінші кезеңінде «Ақтөбенің» басымдылығымен өтті. Алайда үзіліске жеңімпаз дәрежесінде алаң иелері кетті. Эпизодтардың бірінде Муса Гусейнов керек жерден дөп түсіп, нысанадан мүлт кетпеді. Екінші кезеңде қонақтар өз сәттерін ұтымды пайдаланып, 20 минуттан азырақ уақыт ішінде «Бейбарыс» қақпасына үш шайба аттанды.

Осы серпіліс матчтың тағдырын шешті. Соңғы кезеңнің соңында Денис Михнин жергілікті көрерменге үміт сыйлады. Алайда матчтың нүктесін қонақтар қойды. Вадим Митряков бос қақпаға шайба аттандырып, командаларды Ақтөбеге сериядағы тең есеппен аттандырды.

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 2:4 (1:0, 0:3, 1:1)

1:0 - 05:43 - Гусейнов (Михайлов, Расулов)

1:1 - 23:49 - Хамматов (Зюзякин, Евграфов)

1:2 - 28:14 - Юдин (Абдрашитов, Воронин)

1:3 - 39:22 - Акишин (Митряков, Кучин)

2:3 - 56:21 - Михнин (Маркелов, Колесников) ГБ

2:4 - 59:49 - Митряков (Зюзякин) ПВ

Қақпашылар: Калмыков - Ершов

Сериядағы есеп: 1-1 (4:1, 2:4)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.