Қазақстан чемпионатының алғашқы айының бағдарламасын үш кездесу тұйықтады.
«Арлан» екінші кездесуде де «Снежные Барсы» командасын тырп еткізбеді. Данила Карабань хет-трик жасады. Осы жеңісінен кейін көкшетаулықтар чемпионаттың көшбасшы төрт командасының қатарына кірді.
«Арлан» - «Снежные Барсы» 7:1 (3:1, 3:0, 1:0)
1:0 - 00:53 - Карабань (Меньщиков, Хорошев)
1:1 - 05:13 - Шапоров (Царёв, Ермак)
2:1 - 10:43 - Жарков (Гребенщиков, Жиляков) ГБ
3:1 - 14:11 - Жиляков (Лихотников)
4:1 - 26:09 - Королинский (Москалёв, Попов)
5:1 - 30:25 - Карабань (Михнин, Меньщиков)
6:1 - 38:48 - Карабань (Жиляков, Лихотников) ГБ
7:1 - 56:25 - Ларионов (Гребенщиков, Костромитин)
Қақпашылар: Грязнов (Мейдер, 40:00-60:00) - Пестов (Дубинскас, 30:25-60:00)
«Бейбарыс» «Алматыға» қарсы ойында тағы да құрғақ жеңіске жетті. Бұл жолы оңтүстікастаналық ұжымның қақпасына екі шайба аттанды. Олардың авторлары: Артём Бурделёв пен Михаил Дыньков. Қақпашы Салим Базарбеков 19 соққыға тойтарыс берді
«Бейбарыс» - «Алматы» 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 15:47 – Бурделёв
2:0 - 41:14 - Дыньков (Бурделёв, Ананичев) ГБ
Қақпашылар: Базарбеков - Шалманов
«Ақтөбе» «Хумомен» екінші матчта екі рет артық құрам ұйымдастырып, жеңіске жетті. Шешуші шайбаның авторы – Вадим Митряков. Алаң иелері бұрынғыша чемпионаттың үздіктер үштігіндегі орнын сақтап қалды.
«Ақтөбе» - «Хумо» 3:2 (1:1, 2:1, 0:0)
0:1 - 01:29 - Дорофеев
1:1 - 14:31 - Александров (Григоркевич, Гасников) ГБ
1:2 - 25:36 - Кириллов (Рехтин, Трунев) ГБ
2:2 - 29:00 - Потайчук (Киселёв, Кучин) ГБ
3:2 - 37:00 - Митряков (Дерзаев, Степанов)
Қақпашылар: Шаров - Смирягин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.